VI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕГАПОЛИСТЕР ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖҮЛДЕЛІ НӘТИЖЕСІ

    VI Халықаралық  мегаполистер  олимпиадасы  2021 жылғы желтоқсан айының  6-23 күндері 14-18 жас оқушылар арасында математика, информатика, химия және физика пәндерінен қалаларға таратылған жергілікті онлайн  форматта  өткізілді.

    Биылғы оқу жылында әлемнің 34 ірі мегаполисі өз командаларын таныстырды.

Нұр-Сұлтан қаласынан дарынды ер балаларға арналған «БИЛ»  және «NURORDA»мектеп-лицейі  командалары қатысты.

    Олимпиада блиц-тур мен  екі негізгі турды қамтыды.

   Блиц турнирде  елордалық  команда «the Blitz – Contest results» рейтингісінде Prize-winner сыйлығының лауреаты  атанып, 11-ші қатарға орнықты.

   Елордалық оқушылар  тартысты  додада жалпыкомандалық есепте ІІІ орынға ие болды. Жеке есепте қатысушылар үш қола медальмен  марапатталды. Медаль иегерлері:

Әлихан Алпыспеков– дарынды ер балаларға арналған «БИЛ»,  математикадан қола медаль;

Мұхаммед Нағашбек- «NURORDA» МЛ , математикадан қола медаль;

Нұрдәулет Назарбай- «NURORDA» МЛ, физикадан қола медаль.

Жүлдегерлерді, сондай-ақ олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!