І қалалық «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты оқушылар айтысының қорытындысы

2021 жылдың 10 желтоқсанында «Астана дарыны» ДДжПС орталығы мен «Zharkyn Smart school» жеке мекемесі бірлесе отырып, жас ұрпақтың бойына отаншылдық пен ұлттық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгерту, айтыс өнерін дәріптеу, шығармашыл жастардың дарындылығын айқындау мақсатында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған І қалалық «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты оқушылар айтысын өткізді.
Нұр-Сұлтан қаласы мектептерінен барлығы 16 оқушы қатысқан айтыстың қорытындысы бойынша төмендегі білім мекемелері жүлдегер атанды:
Бас жүлде – №52 МГ;
І орын – №4 МГ;
ІІ орын – «Zharkyn smart school» ЖМ, №86 МГ;
ІІІ орын – №52 МГ, №71 МЛ; №92 МЛ;
Грамота – №70 МЛ, №67 Г, №87 МГ
Айтыс аламанында оза шапқан барша жүлдегерлерді құттықтаймыз және жетекшілеріне алғысымызды білдіреміз!