«Жас психолог мектебі» аясында тәжірибе алмасу

2021 жылдың 09 желтоқсаны күні «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы психологиялық қызмет бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес «Жас психолог мектебі» аясында «Психологтің «тәуекел тобындағы» балалармен жұмысы» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинардың мақсаты: білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті көріністердің алдын алатын психологиялық-педагогикалық орта құру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету.

Орталық директорының орынбасары Г. Буралкиева семинарды ашып, психологиялық қызмет бойынша атқарылған іс- шаралар, алдағы жоспарлар туралы ақпарат беріп өтті.
Нұр-Сұлтан қаласы № 31 мектеп гимназиясының педагог психологтері Астрелина Ирина Владимировна және Фролова Юлия Викторовна семинарға қатысушыларды жұмыс бағдарламасымен таныстырды. Семинарда жас психологтермен «тәуекел тобындағы» балалармен психологиялық жұмыстар («тәуекел тобындағы» балалармен педагог- психолог жұмысының негізгі бағыттары, оқушыдағы ауытқушылық мінез -құлықты диагностикалау, құқық бұзушылық және қараусыздықтың алдын алу бойынша ұсынылатын нормативтік құжаттар) кеңінен талқыланды.
Қатысушылармен бірге «Тәуекел тобындағы» балалармен жұмыс істеу алгоритмі құрылды.
Педагог- психологтердің түсіндіруі бойынша «тәуекел тобы» оқушылармен жұмыста проблемалық қауіпті өмір жағдайындағы баланың әлеуметтік тұрақтануы үшін кедергі-қиындықтарды жеңу және оған жағдай жасау немесе проблеманы шешу, сонымен қатар әлеуметтік ортаның педагогикалық мақсатты, қолайлы ортасын құру. Бала мен әлеуметтік қоршаған орта өзінің әрбір даму кезеңдерінде жаңа әлеуметтік сана жағдайы мен бұрынғы қалыптасып қалған өлшемдер, талаптар аралығындағы туындаған қайшылықтарды тез сезініп отырады. Егер бағалау нормасы дер кезінде өзгермесе, субъект ретіндегі баланың әлеуметтік өмірдегі дамуына қажетті қолайлы жағдай жасалмаса өмірлік маңызды шешімге келу кезеңінде кедергілер, «өмірдің проблемалық жағдайы» пайда болады. Отбасы мен әлеуметтік орта балаға бұл кедергілерді жоюға көмектесе алмаса, онда ол «тәуекелдік жағдайға» жетеді. Ал, егер бұл тұста педагог-психолог маман араласпаса кедергі көбейе түседі де, бала «әлеуметтік қауіпті жағдайға» тап болады, сөйтіп, «тәуекел тобына» енеді.
Психологтер И. Астрелина және Ю. Фролова аталған мәселенің алдын алу бойынша пайдалы және практикалық маңызы бар ақпараттармен бөлісті. Мектеп мен ата-ана байланысын ынтымақтастыру, өзара серіктестік орнату, ата-ананың оқу–тәрбиеге қатысты жауапкершілігін арттырудың әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану жолдары төңірегінде де өз тәжірибелерімен бөлісті. Тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Семинарға білім беру мекемелерінен 35 педагог- психолог қатысты.
Әріптестер аталған семинардың қажеттілігі мен өзектілігін атап өтті. Спикерлердің жұмысы туралы жақсы пікірлер қалдырды.
Өз тәжірибесімен бөлісіп, маңызды ақпараттар бергені үшін спикерлерге алғыс білдіреміз.