2021 жылдың 27-28 қараша күндері Нұр-Сұлтан қаласында Quantum STEM School базасында республикалық STEM олимпиадасы өтті. Сайысқа республиканың 12 облысынан барлығы 470 оқушы қатысты. Атаулы олимпиаданың ерекшелігі – инженерлік бағдарламалау мен робототехника ұштасуы болып табылады. Олимпиадаға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Оралов Асхат Раздыкович қатысып, олимпиаданың өту барысымен танысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Нұр-Сұлтан қаласы оқушылары төмендегі нәтижеге қол жеткізді:
1 орын Сәрсеке Еділ, №48 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы; 2 орын Божанов Алдияр, №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің 8-сынып оқушысы; 4 орын Сайранов Санжар, №4 мектеп- гимназиясы 10-сынып оқушысы; |
4 орын – Маханбет Ерсерік, №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің 10-сынып оқушысы;
5 орын – Касымбеков Айбар, №73 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
6 орын – Есенбай Болатхан №64 мектеп-лицейінің 9 –сынып оқушысы
Барлық жеңімпаздар диплом, медальдермен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жеңімпаз оқушылар мен жеңіске жетелеген ұстаздарды құттықтаймыз!
![](http://astanadaryny.kz/wp-content/uploads/2021/11/c9c54129-6fc8-4e3e-85d8-821292e4591e-1-1024x682.jpg)
![](http://astanadaryny.kz/wp-content/uploads/2021/11/5f46d316-b1c4-44e1-a30f-c61105c344d9-1-1024x768.jpg)
![](http://astanadaryny.kz/wp-content/uploads/2021/11/41f11bdb-cc60-4dac-9b52-91f7fa0abbb8-1-1024x682.jpg)
![](http://astanadaryny.kz/wp-content/uploads/2021/11/5472d07b-9118-4003-874e-9d23d5cddd9b-1-1024x1024.jpg)
![](http://astanadaryny.kz/wp-content/uploads/2021/11/стем-2.jpg)