Елорда оқушылары республикалық STEM олимпиадасының жүлдегерлері атанды

2021 жылдың 27-28 қараша күндері Нұр-Сұлтан қаласында Quantum STEM School базасында республикалық STEM олимпиадасы өтті. Сайысқа республиканың 12 облысынан барлығы 470 оқушы қатысты. Атаулы олимпиаданың ерекшелігі – инженерлік бағдарламалау мен робототехника ұштасуы болып табылады. Олимпиадаға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Оралов Асхат Раздыкович қатысып, олимпиаданың өту барысымен танысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Нұр-Сұлтан қаласы оқушылары төмендегі нәтижеге қол жеткізді:

1 орын Сәрсеке Еділ,  №48 мектеп-лицейінің  11-сынып оқушысы;    2 орын Божанов Алдияр, №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің 8-сынып оқушысы; 4 орын Сайранов Санжар,  №4 мектеп- гимназиясы 10-сынып оқушысы; 

4 орын – Маханбет Ерсерік, №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің 10-сынып оқушысы;

5 орын – Касымбеков Айбар, №73 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;

6 орын – Есенбай Болатхан №64 мектеп-лицейінің  9 –сынып оқушысы

Барлық жеңімпаздар диплом, медальдермен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жеңімпаз оқушылар мен жеңіске жетелеген ұстаздарды құттықтаймыз!