«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының психологиялық қызмет бөлімі 2021 жылдың 18 қазан айында ата-аналар диалог алаңы жоспарына сәйкес №4 мектеп-гимназиясы ата-аналарына арналған «Қазіргі бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі» тақырыбында онлайн вебинар өткізді.
Вебинардың мақсаты – ата-аналарға психологиялық көмек беру арқылы отбасы мен мектептің белсенді ынтымақтастығын нығайту.
1) Бала тәрбиесіне жауапты тәрбиеші ата-ана екенін сауалнама жүргізе отырып кеңес беру;
2) Бала тәрбиесінде әке рөлінің маңыздылығы;
Вебинарда баланың рухани, сезімтал дамуына ата-ана өз үлесін қосу үшін атқаратын шараларға бағыт берілді. Сонымен қатар ата-анаға оң нәтиже шығаруға арналған іс-әрекетке бағыттап, толыққанды жетілдіруге кеңестер берілді.
Психологиялық қызмет бөлімінің әдіскері Л.Бодикова өткізген онлайн вебинарға 52 ата-ана қатысты. Қатысушылар бала тәрбиесіндегі көптеген проблемалық мәселелерді шешуде осындай іс-шаралардың маңызды екенін атап өтті және мектеппен бірлескен жұмысты жалғастырып отыру керек деген тұжырым жасады.
![](http://astanadaryny.kz/wp-content/uploads/2021/11/f3eaccd3-d635-44b1-a7b0-6b1642fdc642-2-1024x1024.jpg)
![](http://astanadaryny.kz/wp-content/uploads/2021/11/919a9c99-6acc-43ec-9b60-a52b646d647c-1-1024x472.jpg)