Қазіргі бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының психологиялық қызмет бөлімі  2021 жылдың 18 қазан айында ата-аналар диалог алаңы жоспарына сәйкес №4 мектеп-гимназиясы ата-аналарына арналған «Қазіргі бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі» тақырыбында онлайн вебинар өткізді.

Вебинардың мақсаты – ата-аналарға психологиялық көмек беру арқылы отбасы мен мектептің белсенді ынтымақтастығын нығайту.

1) Бала тәрбиесіне жауапты тәрбиеші ата-ана екенін сауалнама жүргізе отырып кеңес беру;

2) Бала тәрбиесінде әке рөлінің маңыздылығы;                  

Вебинарда баланың рухани, сезімтал дамуына ата-ана өз үлесін қосу үшін атқаратын шараларға бағыт берілді. Сонымен қатар ата-анаға оң нәтиже шығаруға арналған іс-әрекетке бағыттап, толыққанды жетілдіруге кеңестер берілді.

Психологиялық қызмет бөлімінің әдіскері Л.Бодикова өткізген онлайн вебинарға 52 ата-ана қатысты. Қатысушылар бала тәрбиесіндегі көптеген проблемалық мәселелерді шешуде осындай іс-шаралардың маңызды екенін атап өтті және мектеппен бірлескен жұмысты жалғастырып отыру керек деген тұжырым жасады.