Позитивті отбасылық құндылықтарды дәріптеу және жас жеткіншектерді тәрбиелеудің әлеуметтік ортасын психологизациялау мақсатында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығында «Ата-аналар клубы» қоғамдық диалог алаңы жұмыс істеп келеді. 2021 жылдың 13 қарашасында №15 мектеп-лицейінің ата- аналарымен ZOOM интернет-алаңында онлайн конференция режимінде «Бесінші сынып оқушыларын мектепке бейімдеу қиындықтары» тақырыбында клубтың кезекті отырысы өтті. Диалог алаңының жұмысына 5- сынып оқушыларының 38 ата-анасы қатысты.
«Ата-аналар клубы» жобасының үйлестірушісі «Астана дарыны» ДДжПСО ғылыми кеңесшісі, п.ғ. д., с. ғ. д., профессор Тесленко Александр Николаевич қатысушыларды бесінші сынып оқушыларының өміріндегі негізгі өзгерістермен таныстырып, 5-сынып тек оқытудың жаңа сатысына ғана емес, сонымен қатар жеке дамудың жаңа кезеңі екен түсіндірді. Ата-аналар үшін дамудың осы кезеңінде баланың сәтті бейімделуі мен ортаға бейімделудің белгілерін, балада мазасыздықты азайту жолдарын білу, шыдамды және қамқор болудың маңыздылығына мән беру керектігі жайлы кеңестер берді.