«Ата аналар клубының» кезекті отырысы

Позитивті отбасылық құндылықтарды дәріптеу және жас жеткіншектерді  тәрбиелеудің әлеуметтік ортасын психологизациялау мақсатында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығында «Ата-аналар клубы»  қоғамдық диалог алаңы жұмыс істеп келеді. 2021 жылдың  13 қарашасында №15 мектеп-лицейінің  ата- аналарымен  ZOOM интернет-алаңында онлайн конференция режимінде «Бесінші сынып оқушыларын мектепке бейімдеу қиындықтары» тақырыбында клубтың кезекті отырысы өтті.  Диалог алаңының жұмысына 5- сынып оқушыларының 38 ата-анасы қатысты.

«Ата-аналар клубы» жобасының үйлестірушісі «Астана дарыны» ДДжПСО ғылыми кеңесшісі, п.ғ. д., с. ғ. д., профессор Тесленко Александр Николаевич қатысушыларды бесінші сынып оқушыларының өміріндегі негізгі өзгерістермен таныстырып,  5-сынып тек оқытудың жаңа сатысына ғана емес, сонымен қатар жеке дамудың жаңа кезеңі екен түсіндірді.  Ата-аналар үшін дамудың осы кезеңінде баланың сәтті бейімделуі мен ортаға  бейімделудің белгілерін, балада мазасыздықты азайту жолдарын білу, шыдамды және қамқор болудың  маңыздылығына  мән беру керектігі жайлы кеңестер берді.