«Qabilet»

«Qabilet» қызметі – 10-11 жас аралығындағы балалардың қабілеттерін анықтау ұлттық жүйесі» елордамызда басталды

Бүгін, 2021 жылдың 30 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласының «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ел Үміті» бастамасы аясында жүзеге асырылып отырған ««Qabilet» қызметі – 10-11 жас аралығындағы балалардың қабілеттерін анықтау ұлттық жүйесі» жобасы басталды. Жоба мақсаты – оқушылардың қабілеті мен кәсіби бағдарлануын диагностикалаудың ұлттық жүйесін құру, сондай-ақ дарынды балалар мен дарынды жастардың зияткерлік және жеке әлеуетін іске асыру үшін оларды сүйемелдеу және қолдау қызметін ұйымдастыру. Қабілеттерді анықтаудың негізгі құралы – тесттер. Қабілеттерді диагностикалау әдістемесі қазіргі заманғы ең үздік әлемдік тәжірибені, дарындылық пен құзыреттілікті заманауи түсінуге негізделген «4К» – XXI ғасырдың басты құзыреттілігін (креативтілік, сыни ойлау, коллаборация, коммуникативтілік) пайдалануды көздейді. Жобаға 10-11 жастағы барлық ниет білдіруші оқушылар қатыса алады.