«Интеллектуалды дарынды жастар – елордалық білім берудің басты әлеуеті» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

2021 жылғы 21-22 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «Интеллектуалды дарынды жастар – елордалық білім берудің басты әлеуеті» халықаралық ғылымипрактикалық конференциясын өткізеді (бұдан әрі – Конференция) Конференция Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының 15 жылдығын мерекелеу аясында өткізілуде.

Конференцияның мақсат-міндеттері:

 · білім алушылардың жемісті жетістіктерін, білім беру мекемелерінің оқу және ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру тәжірибесін көрсету және насихаттау;

· зерттеу ұжымдары арасында шығармашылық байланыстарды қалыптастыру, өзара қарым -қатынасты жетілдіру;

· қоғамның зияткерлік әлеуетін, жасөспірімдердің психологиялық денсаулығын дамыту проблемаларына қоғам назарын аудару.

Өткізілетін мерзімі және өтетін орны: 2021 жылғы 21 қазан, сағат 10:00-де   Нұр-Сұлтан қ., Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы, Б. Момышұлы, 5

Конференцияның жабылу салтанаты: 2021 жылғы 22 қазан, сағат 15.30-де.  «NURORDA» мектеп-лицейі, Қ. Аманжолов к., 34

Қатысушылар: көрнекті қоғам қайраткерлері, Қазақстан мен Ресей ғалымдары, Білім және ғылым министрлігінің, «Дарын» республикалық және аймақтық орталықтарының, облыстық білім басқармаларының, білім беру мекемелерінің, жеке білім беру орталықтарының өкілдері.