«Дөңгелек үстел» аясындағы кездесу

2021 жылдың 7-қазанында  ДПиМД РОО «QazaqGeography» базасында «Астана дарындары» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының, «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігінің, Білім беруді жаңғырту орталығының, Нұр-Сұлтан қаласы «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ басшылары мен өкілдерінің және жеке меншік білім беру орталықтары өкілдері мен география мұғалімдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Кездесу барысында өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланып, 2021-2022 оқу жылына бірлескен жұмыс жоспарын жасау бағыттары анықталды.