«ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгілі бол» республикалық конференциясы аясында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы психологиялық қызмет бөлімі әдіскерлері бастамасымен 2021 жылғы 27-30 қыркүйек күндері жалпы білім беретін мектептердің бесінші сынып ата-аналарына арналған «Сіздіңбаланыз 5-сыныпқа барды: оған жаңа жағдайларға сәтті бейімделуге қалай көмектесуге болады?» тақырыбында онлайн форматта семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты:
- Бесінші сынып оқушыларының орта буынға тез және жеңіл бейімделуін қалыптастыру;
- Бейімделудің, үйренісудің қиындықтарын саралау және түзету, дамыту, талапқа сай тәртіп ережелерін игеру, бекіту;
- Ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету;
Жас психологтерге көмек ретінде семинарды «Астана дарыны» орталығы психологиялық қызмет бөлімінің әдіскерлері – Бодикова Л.Ж, Сатымбекова Т.С. № 8, 60, 67, 74, 80, 86, 76 мектептерімен онлайн форматта өткізді.
Семинар психологтің бесінші сынып оқушыларының бейімделу кезеңінен сәтті өтуіне байланысты ата-аналарға арнап алдын ала дайындалған презентациясы негізінде жүргізілді.
Презентацияда бірінші сынып оқушыларының ата-аналары үшін (диалог, сенім, тәртіп үш «Д» заңы) ескеру және оны қолдану туралы айтылды.
Ата-аналар сынып жетекшілермен, мектептің оқу үдерісімен танысып, бала тәрбиесіне, бесінші сынып оқушысының оқуында кездесетін қиындықтар және оның алдын алуға байланысты психолог мамандардың кеңестерін тыңдады. Осы мәселедегі өздерінің ойларын ортаға салып, толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды. Психологиялық қызмет бөлімінің әдіскерлері өткізген онлайн семинарға барлығы 125 ата-аналар мен педагогтер қатысты.
Қатысушылар бала тәрбиесіндегі көптеген проблемалық мәселелерді шешуде осындай іс-шаралардың маңызды екенін атап өтті және мектеппен бірлескен жұмысты жалғастырып отыру керек деген тұжырым жасады.