«Білім беру мазмұнын жаңғырту мен жетілдіру бағыттағы «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсы» тақырыбындағы вебинар

2021 жылғы қыркүйек айының 10 күні «Астана дарыны» ДДжПСО онлайн форматта, Zoom платформасында елордалық мектеп директорларының бейінді оқыту жөніндегі  орынбасарлары мен мұғалімдеріне  «Білім беру мазмұнын жаңғырту мен жетілдіру бағытындағы «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсы» тақырыбында вебинар өткізді.

Вебинардың негізгі мақсаты конкурсқа қатысуға ниет білдірген ұстаздар қауымына әдістемелік көмек көрсету және мазмұнымен таныстыру.

Конкуртың өткізілу кезеңдері және қатысушыларға қойылатын талаптар туралы «Астана дарыны» ДДжПСО «Педагогикалық шеберлік» бөлімінің басшысы Садвакасова Алма Досжановна толық таныстырды.

 Л.Гумилев атындағы ЕҰУ физика-техникалық факультетінің «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» кафедрасы профессорының  міндетін атқарушы, педагогика ғылымдарының кандидаты Мухамедрахимова Ғалия Исатаевна курстарды таңдау мазмұнына толықтай тоқталып, білім берудегі бағыттарды жаңғырту мен жетілдіру жолында курстардың алатын орнының зор екендігін атап өтті.

Тесленко Александр Николаевич «Астана дарын» ДДжПСО «Психологиялық сүйемелдеу бөлімінің» педагог-психологі,  социология ғылымдарының докторы, педагогика ғылымдарының кандидаты«Бейіндік мектеп үшін таңдау бойынша курстардың мазмұнын жобалау» тақырыбында конкурсқа қатысушыларға бағыт-бағдар берді. Мектеп бағдарламасындағы курстардың ерекшеліктеріне, пән аралық байланысқа, оқушының білім жинақтаудағы курстардың тиімді жолдарына көңіл бөлу керектігі жөнінде ой бөлісті.

Вебинарда кері байланыс орнады. Қатысушылардың сұрақтарына толық жауаптар берілді.

Вебинар жайлы толық ақпаратты https://youtu.be/kFwa20AhTN4. сілтемесі арқылы біле аласыздар.