Мектеп оқушыларына арналған «Туймаада» ХХVIII Халықаралық олимпиадасы

2021 жылдың 24 шілдесінен 3 тамызына дейін мектеп оқушылары арасында математика, физика және информатика пәндерінен халықаралық «Туймаада» олимпиадасы дәстүрлі және онлайн форматта өткізіледі.

         Саха Республикасының (Якутия) оқушылары тапсырмаларды дәстүрлі форматта орындайды. Жақын және алыс шетелдердің қатысушылары үшін эпидемиологиялық жағдайға байланысты олимпиада онлайн режимінде өтеді.

Осы олимпиадада Нұр-Сұлтан қаласының оқушылары да бақтарын сынайды. БИЛ(ер) 11-сынып оқушысы Раушанов Марлен Қазақстан құрамасына енсе, қалған оқушылар атаулы білім додасында елорданың намысын қорғамақ. Атап айтсақ, математикадан 9 қатысушы (ер балаларға арналған БИЛ-7, NURORDA-2), физика пәні бойынша 3 оқушы (ер балаларға арналған БИЛ -1, NURORDA-2) және информатика пәнінен ер балаларға арналған БИЛ-інің 2 оқушысы қатысады.

Олимпиадашыларымыздың білім додасында үздік көрсеткішке жетіп, жүлделі орындарды иеленулеріне тілектеспіз!