Биология пәні бойынша халықаралық олимпиада (ІВО)

2021 жылдың 18-23 шілдесі аралығында прокторингті қолдану арқылы онлайн режимде биология пәнінен халықаралық олимпиада өтеді.

Халықаралық биология олимпиадасы (IВO) – бұл биологиялық мәселелерді шешу және биологиялық эксперименттер жүргізу дағдыларын тексеретін орта мектеп оқушылары үшін өткізілетін жыл сайынғы сайыс.

Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы жыл сайын биологиядан  өтетін ең беделді дүниежүзілік олимпиадада ел намысын лайықты дәрежеде қорғап келеді. Биыл биология пәні бойынша халықаралық және республикалық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы, елордалық «NURORDA» мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Абдуали Гүлдана олимпиада құрамасына қосылды.

Біздің командаға Олимпиадада жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, жүлделі орындарға ие болуларына тілектеспіз!