Математика пәні бойынша (IMO) халықаралық олимпиадасы

2021 жылғы шілде айының 14-24 күндері аралығында математика пәні бойынша (IMO) халықаралық олимпиадасы қашықтықтан Алматы қаласы республикалық физика-математикалық мектебінің базасында өтетін болады.

  Олимпиадаға Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасына енген елордалық «Spectrum» халықаралық мектебінің оқушысы Дуйсенбеков Данат пен дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің оқушысы Сам Фетуллах қатысады.

    Дарынды математиктерімізге сәттілік тілейміз!