ХІV республикалық «Бастау» математикалық турнирдің қорытындысы

2021 жылғы маусым айының 15–19 күндері аралығында ХIV республикалық математикалық «Бастау» турнирі қазіргі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты онлайн режимде өтті. Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінен аталған турнирдің қалалық кезеңі бойынша үздік шыққан №66 мектеп-лицейінің, №6 гимназияның, Экономикалық лицей және «NURORDA» мектеп-лицейінің командалары қатысты.Турнирдің республикалық кезеңі 3 турда ұйымдастырылды: І тур «Әу, баста!» (командалық сынақ); ІІ тур «Асық» (командалық сынақ); ІІІ тур «Математикалық бәйге» (жеке сынақ).Берілген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындаған №66 мектеп-лицейінің командасы жалпыкомандалық ІІ орын және Экономикалық лицейінің командасы жалпыкомандалық ІІІ орын иеленді. Сонымен қатар қатысушылардың арасынан озық шыққан оқушылар марапатталды: ІІ орын – Кусайынбеков Айтуар, Экономикалық лицейінің 4-сынып оқушысы;ІІІ орын – Ерланұлы Хантөре, №6 гимназиясының 2-сынып оқушысы;

ІІІ орын – Ислам Исмет, Экономикалық лицейінің 3-сынып оқушысы;Грамота – Бағланұлы Мағжан №66 мектеп-лицейінің 2-сынып оқушысы;Грамота – Қуаныш Әбілмансұр №66 мектеп-лицейінің 3-сынып оқушысы;Грамота – Молдабаева Карина №6 гимназиясының 4-сынып оқушысы;Грамота – Панин Константин №6 гимназиясының 3-сынып оқушысы;Грамота – Қожахмет Маулен «NURORDA» мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы; Грамота – Мамраева Рания Экономикалық лицейінің 2-сынып оқушысы.Республикалық математикалық «Бастау» турнирдің жүлдегерлерін, ата-аналарын және оларды дайындаған мұғалімдерін құттықтаймыз!