ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЛИМПИАДАЛАР МЕН КОНКУРСТАР
2021 жылдың мамыр айында «Астана дарыны» ДДжПС орталығы барлығы 11 іс-шара (2 халықаралық, 2 республикалық, 7 қалалық) өткізді. Аталған іс-шараларға Нұр-Сұлтан қаласынан барлығы 2351 оқушы қатысып, 655 бала жеңімпаз және жүлдегер атанды:
I орын – 140;
II орын – 240;
III орын – 275;
Грамота – 134.
2021 жылы 5 мамыр күні «Астана дарыны» ДДжПСО Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасымен бірлесіп, қола деңгейіндегі «Елбасы» медалімен 122 астаналық үміткерді марапаттау рәсімін өткізді.
Жобаның мақсаты – қиындықтарды еңсеруге, әртүрлі салаларда өзін жүйелі түрде дамытуға, басқаларға қамқорлық жасауға, қойылған мақсаттар мен жоғары нәтижелерге қол жеткізуге қабілетті, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.
«Елбасы медалі» – жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Ол 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Бағдарламаға 14-29 жас аралығындағы жас қазақстандықтар қатысады.
Марапаттау рәсіміне Нұр-Сұлтан қаласынан 122 жас жігіттер мен қыздар қатысты. Елордадағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты марапаттау рәсімі төрт лекте өткізілді. Медаль иегерлерін Нұр-Сұлтан қаласы аудандарының әкімдері, атап айтсақ, Алматы ауданының әкімі Есполов Бектенбай Тлектесұлы, Есіл ауданының әкімі Джакенов Берік Оралұлы, Байқоңыр ауданының әкімі Нұрсағатов Нұрбол Төлегенұлы, Сарыарқа ауданының әкімі Байкен Есет Берікұлы, «Елбасы академиясы» корпоротивтік қорының «Көшбасшылықты дамыту және цифрлық білім беру» орталығының басшысы Айтпаева Жанат Жеңісбекқызы, Білім басқармасының бас маманы Сүлейменова Мадина Тасжанқызы марапаттады.
Ағымдағы жылы 5-7 мамырда «Дарын» РҒП орталығы Сүлеймен Демирел университетімен (SDU) бірлесіп, онлайн режимде VIII Халықаралық «INFOMATRIX-ASIA 2021» компьютерлік жоба конкурсын өткізді.
Конкурсқа 3 номинация бойынша (компьютерлік бағдарламалау, компьютерлік өнер және математикалық жобалар) 28 елден 400 –ге жуық оқушы қатысты. Елордадан 13 оқушы қатысып, 9 оқушы жеңімпаз және жүлдегер болды: 1 күміс (БИЛұ) және 8 қола (№51 МГ, №65 МГ, БИЛұ (6)).
Сүлеймен Демирел университетінде білім алуға №51 МГ-ның оқушысы Абенова Нурила және дарынды ұл балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің оқушысы Алиханов Рахим 50%, «Білім-инновация» лицейінің оқушысы Дюсенбаев Альфараби 30% жеңілдікке ие болды.
Қалалық «Менің Отаныма – менің бастамам» шығармашылық жобалар байқауы «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының 2021 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес 13 мамыр күні өтті.
Конкурстың мақсаты – жас ұрпақты қазіргі заманғы әлеуметтік–экономикалық мәселелерді шешуге бағыттау және олардың интеллектуалды өсу мен кәсіптік бағдарлау қабілетін дамыту. Байқау онлайн режимде тоғыз номинация бойынша ұйымдастырылды:
- «Өз жылуыңмен бөліс» номинациясы (14 жас);
- «Туған қалаға –игілікті істер» номинациясы (13 жас);
- «Мен Қазақстанның азаматымын» номинациясы (13 жас);
- «Медиажобалар » номинациясы (17 жас);
- «Менің кіші Отаным» номинациясы (13 жас);
- «Қазақстанның жеті кереметі» номинациясы (15 жас);
- «Қазақстанның 100 жаңа есімі» номинациясы (17 жас);
- «Жаңғырту полюсі» номинациясы (15 жас);
- «Киіз үй – ғаламның моделі» номинациясы (16 жас).
Қалалық конкурсқа 29 білім беру мекемесінен 96 оқушы қатысты.
«Менің Отаныма – менің бастамам» атты шығармашылық жобалар байқауына Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Торайғыров университеті Комерциялық емес Акционерлік қоғамы, М.С. Нарықбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің ғалымдары тыңдап, бағалады.
Конкурстың қорытындысы бойынша 96 елордалық оқушының арасынан 41 оқушы жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанып, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды: І орын – 9, ІІ орын – 15, ІІІ орын – 17, грамота – 5. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.
10 жеңімпаз 7-9 маусымда онлайн режимде өтетін Республикалық конкурстың қорытынды кезеңіне қатысады.
2021 жылдың 1-16 мамыр аралығында дарынды мектеп оқушыларын анықтау және дамыту мақсатында дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдер қауымдастығы, Мәскеу мемлекеттік аймақтық университеті, Association Bulgarian Kangaroo (Болгария) и M.Balkanski Foundation (Болгария) бірлесіп, XV Халықаралық «Математика және дизайн» байқауын өткізді.
Эпидемиологиялық жағдайға байланысты конкурс екінші жыл қатарынан онлайн режимде ұйымдастырылды.
Конкурстың мақсаты: оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, дарынды оқушыларды қолдау және дамыту.Нұр-Сұлтан қаласынан елордалық үш оқушы өз ғылыми жобаларын ұсынды (№64 МЛ (2) және №15 МЛ).
Конкурс қорытындысы бойынша №64 мектептің оқушылары Баязитова Адина мен Сұлтанбек Дариға «Табиғаттағы және қоғамдағы нақты процестердің математикалық модельдері» номинациясында 2 күміс медаль жеңіп алды.
2021 жылдың 19 мамыр күні жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының (математика, физика, химия, биология, география және информатика) қорытынды кезеңі өтті.
Нұр-Сұлтан қаласы жалпы білім беру мекемелерінен республикалық жасөспірімдер олимпиадасына қалалық кезеңнен өткен 24 оқушы қатысты. Олимпиада онлайн форматта дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінде өтті.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы құрама командасы І орынды иеленді. Ақтық кезеңнің жүлдегерлері мен жеңімпаздары «Дарын» республикалық ғылыми- практикалық орталығының І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Жүлделі орындар саны – 16, оның ішінде: І орын – 6, ІІ орын – 5, ІІІ орын – 5, грамота – 3.
«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «ZERDE-LIDER» білім беру орталығымен бірлесіп, 2021 жылдың 12 -20 мамыр күндері 8-сынып оқушылары арасында химия пәнінен I Ұлттық олимпиада өткізді. Олимпиада 3 кезеңнен тұрды :
Аудандық кезең(онлайн) – 12 мамыр;
Қалалық олимпиаданың іріктеу кезеңі(оффлайн) – 14 мамыр;
Қалалық олимпиаданың қорытынды кезеңі – 20 мамыр.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың химия пәніне қызығушылығын арттыру, жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындық жүйесін жетілдіру және олимпиадалық резерв құру.
12 мамырда «online.zerde-leader.com». платформасында өткен аудандық кезеңге астананың 63 мектебінен 422 оқушы қатысты.
14 мамырда олимпиаданың қалалық іріктеу кезеңіне елорданың 56 мектебінен қатысқан 182 оқушы қатысты. Қатысушыларға сертификаттар берілді.
I Ұлттық олимпиаданың қорытынды кезеңі 20 мамыр күні №66 мектеп-лицейінде өтті. Офлайн режимінде өткен олимпиадаға32 мектептен 56 оқушы қатысты. Қорытынды кезеңде қатысушыларға тестік тапсырмалар мен есептер, лабораториялық жұмыстар берілді.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды: І орын – 1, ІІ орын – 3, ІІІ орын – 17, Грамота – 9.
Командалық есеп бойынша «Үздік мектеп» атағымен: Гран-При – «NURORDA» МЛ, I орын – №82 «Дарын» ММ, ІІ орын – №60 МЛ, ІІI орын – №6 Г марапатталды.
15 мамырда 4-сынып оқушылары арасында онлайн режимінде қалалық пәндік олимпиада өтті.
Олимпиадаға 4 пән бойынша( математика, қазақ тілі, орыс тілі және дүниетану) қаланың білім беру мекемелерінен 1050 оқушы қатысты.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 467 оқушы (44%) жеңімпаз және жүлдегер атанды: І орын – 88, ІІ орын – 187, ІІІ орын – 192, грамота – 89.
2021 жылдың 19 мамырында №89 мектеп–лицейінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Қ.Аймағамбетов республикалық олимпиаданың жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесті. Қазіргі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты министр А.Қ.Аймағамбетов Нұр-Сұлтан қаласының олимпиада жеңімпаздарымен офлайн режимде кездесті, еліміздің өзге аймақтары ZOOM-конференция онлайн форматында қосылды.
Асхат Қанатұлы оқушыларды жеңістерімен құттықтап, Қазақстандық мектеп оқушыларының жетістіктері олардың білім деңгейінің жоғары екендігін тағы да дәлелдегенін және әр қатысушының талантымен, білімімен, жұмысымен және табандылығымен тікелей байланысты екендігін ерекше атап өтті.
Іс–шара аясында ҚР Білім және ғылым министрі елордалық 63 жеңімпаз бен жүлдегерді медаль, дипломдармен марапаттады.
Кездесу барысында Асхат Қанатұлы оқушыларды толғантып жүрген сұрақтарға жауап берді.
Кездесу ерекше ықыласпен өтіп, қатысушыларға жаңа серпін берді.
ХХІI республикалық дәстүрлі «Абай оқуларының» қалалық іріктеу кезеңін «Астана дарыны» ДДжПС орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасында №87 мектеп-гимназиясында 2021 жылдың 19 мамыр күні барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізді.
«Абай оқуларының» қалалық іріктеу кезеңіне 46 мектептен 125 қатысушы сұраныс берді:
ХХІI республикалық «Абай оқуларының» қалалық іріктеу кезеңінің:
1. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы…» – Абай өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу номинациясына 9 оқушы;
2. «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармаларын» – жатқа мәнерлеп оқу номинациясына 7 оқушы;
3. «Абай қарасөздері» номинациясына;
4. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда…» – оқушының өз шығармасы номинациясына 25 оқушы;
5. «Көңілім әнді ұғады…» ән мен күй орындау номинациясына 24 оқушы;
6. «Ұлылар әлемі» эссе жазу номинациясына 38 оқушы қатысты. Іріктеу кезеңінің қорытындысы: Бас жүлде – 5, І орын – 6, ІІ орын – 13, ІІІ орын – 19, грамота – 22.
Ағымдағы жылы мамыр айының 20-21 күндері «Дарын» РҒПО ұйымдастыруымен 5-9 сынып оқушылары арасында өткізілген XVI республикалық «Тарих Ата» қашықтық олимпиадасының қорытынды кезеңіне Нұр-Сұлтан қаласы жалпы білім беру мекемелерінен 141 оқушы қатысты.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері – оқушылардың Қазақстан тарихын оқуға деген қызығушылығын ояту, ойлау мәдениетін, талдаушылық қабілеттерін, эрудициясын қалыптастыру, жоғары мотивациясы бар оқушыларды анықтау және пәнді оқып-үйренудегі ерекше қабілеттерін көрсету, патриотизмге тәрбиелей отырып, білім мен білік деңгейінің жоғары дәрежесін көрсету.
«Тарих Ата» республикалық қашықтық олимпиадасының қорытындысы бойынша, 141 қатысушының 41-і (29,1%) марапатталды: І орын – 21, ІІ орын – 10, ІІІ орын – 10.
2021 жылдың 22 мамырында 2-4 сынып оқушылары арасында өткізілген «Бастау-2021» математикалық турнирінің ІІ қалалық кезеңіне қашықтықтықтан ұйымдастырылған іріктеу кезеңінен өткен 24 команда (72 оқушы) қатысты. «Бастау» математикалық турнирінің ІІ (қалалық) кезеңі қазақ тілінде оқитын және орыс тілінде оқитын мектептер үшін 2 топта №89 МЛ және №3 МГ базаларында өтті.
Қазақ тілінде оқитын мектептерден 13 команда, соның ішінде:
Бас жүлде – №66 МЛ;
І орын – «NURORDA» МЛ;
ІІ орын – №48 МЛ, №56 МЛ;
ІІІ орын – №38 МЛ, №50 МЛ, №64 МЛ, №83 МГ, №86 МГ;
Грамота – №3 МГ, №4 МГ, №37 МЛ, №60 МЛ;
Орыс тілінде оқитын мектептерден 11 команда, соның ішінде:
Бас жүлде – №6 Г;
І орын – №31 МГ;
ІІ орын – №60 МЛ, Экономикалық лицей;
ІІІ орын – №22 МГ, №62 МЛ;
Грамота – №2 МГ, №27 МГ, №83 МГ, «Флагман», «ALPAMYS».
Бас жүлдеге ие болған №66 мектеп-лицей мен №6 гимназиясының командасы республикалық кезеңге жолдама алды. Елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты XIV республикалық математикалық «Бастау» турнирі Республикалық физика-математика мектебінің базасында онлайн режимде өтеді.
Мектептердің сапалы білім беруді қамтамасыз ету бойынша әдістемелік қолдау тәсілдерін іздеу және пайдалану мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының 2020 жылдың 11 қыркүйектегі №492 «КӨМЕКTIMES-мектеп-мектепке тәлімгерлік технологиясы жобасын іске асыру туралы бұйрығы негізінде бекітілген №55 орта мектеппен 2020-2021 оқу жылының қараша айынан бастап жүргізілген жұмыс қорытындыланды.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК БӨЛІМІ
Педагогикалық шеберлік бөлімі мамыр айында елордалық ұстаздар қауымы үшін 160 адамды қамтыған төмендегідей іс-шараларды өткізді:
1. 2021 жылғы 12-13 мамыр күндері Zoom платформасында өткен вебинар 60 адамды қамтыды. «Астана дарыны» ДДжПСО Педагогикалық шеберлік бөлімінің ұйымдастыруымен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының қалалық кезеңінде І, ІІ орын иеленген мектептер директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарларына, жоғары сынып оқушылары мен колледжд студенттерінің команда жетекшілеріне, магистранттарына, педагог-ұйымдастырушыларына, психологтеріне, жас мұғалімдеріне арналған вебинар өтті.
Вебинарға қатысушыларға ұйымдастырушылар мен олимпиадада төрелік еткен жоғары оқу орындары ғалымдарының ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, республикалық кезеңге дайындықты күшейту, өз жобаларын әзірлегенде және дайындық барысында неге назар аудару керектігі туралы кеңес берілді. Вебинарға қатысқан 50 тыңдарман өз пікірлерімен бөлісіп, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға жауап алды.
2. 2021 жылдың 20 мамырында Google Meet платформасында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен №82 «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі, №55 орта мектебінің «КӨМЕКTIMES» жобасын қорытындылау мақсатында өткізген онлайн-семинары 60 адамды қамтыды.
Мектептердің сапалы білім беруді қамтамасыз ету бойынша әдістемелік қолдау тәсілдерін іздеу және пайдалану мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының 2020 жылдың 11 қыркүйектегі №492 «КӨМЕКTIMES-мектеп-мектепке тәлімгерлік технологиясы жобасын іске асыру туралы бұйрығы негізінде бекітілген №55 орта мектеппен 2020-2021 оқу жылының қараша айынан бастап жүргізілген жұмыс қорытындыланды.
Семинарға «Астана дарыны» ДДжПСО әкімшілігі мен «Педагогикалық шеберлік» орталығы, №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі мен №55 орта мектеп директорлары және олардың бейіндік ісі жөніндегі орынбасарлары, білім беруді жаңғырту орталығының әдіскерлері мен екі мектептің ұстаздары қатысты. Жоба аясында екі жақ бірлесе отырып жоғары деңгейде 19 вебинар, 30 ашық сабақ, 10 семинар, 8 әртүрлі іс-шаралар өткізген.
3. 2021 жылдың 21 мамырында «Астана дарыны» ДДжПСО біліктілік санатын беру (растау) жөніндегі аттестаттау комиссиясы отырысы өтті. Аттестаттау комиссиясы ұлттық біліктілік тестілеуден өткен орталықтың педагог қызметкерлерінің өтініштерін қарап, «педагог-модератор» біліктілік санатын бір ауыздан беру туралы шешім қабылдады.
4. 2021 жылдың 27 мамырында №72 мектеп-лицейі базасында «Астана дарыны» ДДжПСО ұйымдастыруымен Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, Қазақ технология және бизнес университеттерінің географ ғалымдарының, «National Geographic Qazaqstan» журналы өкілдерінің қатысуымен географтар ассоциациясының кезекті отырысы (40 адам) өтті. Отырыста география пәнінен 2021-2022 оқу жылында өткізілуі жоспарланған жасөспірімдер олимпиадасының ережесі және қамтылатын тапсырмалар тақырыптары талқыланды.
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ БӨЛІМІНІҢ ІС-ШАРАЛАРЫ
Психологиялық қызмет бөлімі мамыр айында қатысушылар саны 2016 адамды құраған 9 іс-шара өткізді.
1. 4-12 мамыр аралығында педагог–психологтер үшін «Денсаулық пен өмірлік дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу» бағдарламасы аясында өткізілген «Жасөспірімдер мен ата-аналарға кеңес беру» курсына 20 педагог-психолог қатысты.
2. 11 мамыр күні «Болашақ психологтер клубы» аясында №47 мектеп-кешені, №72 мектеп-лицейі оқушыларымен «Кім психолог бола алады?» тақырыбында өткен офлайн – семинарға 21 оқушы қатысты.
3. 12-13 мамыр күндері «Bilim Foundation» ҚҚ бірлесіп ата-аналар үшін «ҰБТ және емтихан тапсыру кезінде түлектерді психологиялық қолдау» тақырыбында қашықтықтан вебинар өткізді. Вебинарға 1500-ден астам ата-ана қатысты.
4. 13 мамырда «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық дайындығы» тақырыбында онлайн-вебинар өткізілді. Вебинарға 51 психолог қатысты.
5. 19 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының 14.05.2021 ж. №454 хаты 5-тармағының негізінде кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті және дивиантты мінез-құлықты балаларды анықтау және сүйемелдеу бойынша педагог-психологтердің жұмысын күшейту мақсатымен «Bilim Foundation» ҚҚ бірлесіп онлайн-вебинар өткізді. Вебинарға 70 психолог қатысты.
6. 19 мамыр күні өзара ынтымақтастық шеңберінде «Bilim Foundation» ҚҚ бірлесіп аутодеструктивті және девиантты мінез-құлыққа бейім балалармен жұмыс жасауда әдістемелік көмек көрсету мақсатында Балинт топтарының педагог-психологтері үшін практикалық жұмыс қашықтықтан ұйымдастырылып, 60 педагог-психолог қатысты.
7. 25-27 мамыр күндері ата-аналарға арналған «Бала құқықтары және оның психологиялық денсаулығын қорғау» тақырыбындағы вебинарға 210 ата-ана қатысты.
8. 1-31 мамыр аралығында ШӘТ отырыстары: №16 ОМ, №17 МГ (2 рет), №38 МЛ, №51 МЛ (2 рет), №53 МЛ, №60 МЛ, №72 МЛ және технологиялық колледждерде өткізілді.
9. Халықаралық Отбасы күнін (25 мамыр) мерекелеу аясында 15 сәуір – 15 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласы білім беру ұйымдарының (балабақшалар, мектептер, колледждер) оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен «Біз-бақытты отбасымыз» қалалық бейнероликтер байқауы қашықтықтан өткізілді. Байқауға 90 отбасы қатысты.
27 мамыр күні «Біз – бақытты отбасымыз» қалалық бейнероликтер байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді салтанатты марапаттау рәсімі «QAZEXPO» ғимаратының «Болашақ» мәжіліс залында өтті, 9 отбасын қамтыды.
«QABILET» КӘСІБИ БАҒДАРЛАУ ҚЫЗМЕТ БӨЛІМІ
«Qabilet» кәсіби бағдарлау қызмет бөлімі мамыр айында барлығы 1900 адамды қамтыған 2 іс-шара өткізді.
1. «Qabilet» кәсіби бағдарлау қызмет бөліміне мамыр айында оқушылар, ата-аналар мен мектеп басшылығы тарапынан келіп түскен сұраныстарға байланысты кәсіби бағдар беру, кәсіби бағыттылық және зияткерлік мүмкіндіктері мен әлеуетін бағалауға байланысты 9 мекемеден 10 оқушы диагностикадан өтті және бөлімнің психолог-консультант мамандары оларға жеке-жеке кеңес берді. Оның ішінде: №84 МЛ, №71 МЛ, №85 МЛ, №65 МГ, №76 МЛ, №63 МГ, №22 МГ және бір колледж.
2. Нұр-Сұлтан қаласы мектептерінің 7-8 сынып оқушыларына бейіндік және кәсіптік бағдар (қазақ және орыс тілдерінде) бойынша: «Мамандық таңдауға бір қадам» тақырыбында вебинарлар ұйымдастырылып, 1890 оқушы қатысты.
7-8 сынып оқушыларына арналған «Мамандық таңдауға бір қадам» атты онлайн-вебинарлар өтті. Вебинардың мақсаты – 7-8 сынып оқушыларының мамандық таңдау, олардың типтері мен кластары туралы түсініктерін жетілдіру, білімдерін кеңейту.
2021 жылдың 19-21 мамыры аралығында елорданың Алматы (597 оқушы), Сарырарқа (547 оқушы), Байқоңыр мен Есіл (746 оқушы) аудандары қарасты білім беру мекемелері оқушыларының қатысуымен вебинарлар өтті.
Онлайн вебинарларда «Астана дарыны» орталығының өкілдері «Qabilet» кәсіби бағдарлау қызметінің мамандық таңдаудағы көмегі, қағидалары туралы және мамандықтың психологиялық типтері жайлы ақпарат берді. Вебинар соңында 7-8 сынып оқушыларының мамандыққа деген ықыласы мен қызығушылығы артып, «Qabilet» кәсіби бағдар беру қызметі арқылы мамандық таңдауға бір қадам жасады.