«МЕНІҢ БАСТАМАМ-МЕНІҢ ОТАНЫМ!»

2021 жылғы 7-9 маусым күндері республикалық «Менің бастамам-менің Отаным!» шығармашылық жобалар байқауы өтті. Әлеуметтік жобалар байқауына облыстық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары – 170 оқушы, оның ішінде, Нұр – Сұлтан қаласынан 10 оқушы (№14 МГ, №15 МЛ, №47 МГ, №59 МЛ, №65 МГ, №70 МЛ, №72 МЛ, №74 МГ, №86 МГ, №90 МГ) қатысты.
Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша №70 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Оңғар Айдар «медиажоба» номинациясында II жүлделі орынға ие болды.
«Қазақстанның жеті кереметі» номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Муканова Диана II жүлделі орынға ие болды.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдар мен сыйлықтарға, жеңімпаздардың жетекшілері – алғыс хаттарға, барлық қатысушылар – сертификаттарға ие болды.
«Астана дарыны» ДДжПС орталығы елордалық оқушылар мен жоба жетекшілерін жеңісімен құттықтайды!