«МЕНІҢ БАСТАМАМ-МЕНІҢ ОТАНЫМ!»

2021 жылы 7-9 маусымда республикалық «Менің бастамам-менің Отаным!» шығармашылық жобалар байқауы өтеді .
Оқушылар өздерінің әлеуметтік және шығармашылық жобаларын төменде көрсетілген номинациялар бойынша таныстырады:

  • «Жылулығыңмен бөліс»;
  • «Туған қалаға-игі істер»;
  • «Мен-Қазақстан азаматымын»;
  • «Медиажоба»;
  • «Менің кіші Отаным»;
  • «Қазақстанның жеті кереметі»;
  • «Қазақстанның 100 жаңа есімі»;
  • «Қайта өрлеу полюсі»;
  • «Киіз үй-әлемнің үлгісі».

Нұр – Сұлтан қаласынан байқауға 10 оқушы (№14 МГ, №15 МЛ, №47 МГ, №59 МЛ, №65 МГ, №70 МЛ, №72 МЛ, №74 МГ, №86 МГ, №90 МГ) барлық номинация бойынша қатысады. Әлеуметтік жобалар байқауына облыстық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары – 170 оқушы қатысады.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдар және сыйлықтармен , жеңімпаздардың жетекшілері – алғыс хаттармен, барлық қатысушылар – сертификаттармен марапатталады.
«Астана дарыны» ДДжПС орталығы елордалық оқушыларға сәттілік пен жеңіс тілейді!