07.06.2021ж. Нұр-Сұлтан қаласы №72 мектеп-лицей базасында (Байтұрсынов көшесі, 25) дөңгелек үстел форматында республикалық пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша мектеп директорларымен кездесу өтті.
Іс-шараны «Астана дарыны»дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – «Дарын» РҒПО рейтингісіне сәйкес «2020-2021 оқу жылының республикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша Қазақстанның 100 үздік олимпиада мектебі»тобына кірген 10 астаналық мектепті марапаттау.
Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Ш. Т. Сейсенбай мектеп директорларын оқу жылының табысты аяқталуымен құттықтап, Алғыс хаттар табыс етті:
– Пириев Эльбрус Камалович – Дарынды балаларға арналған»Білім-инновация лицейі»;
– Селман Шимшек – «NURORDA» мектеп-лицейі;
– Қасқабаева Роза Қасымқызы – №46 мектеп-гимназиясы;
– Умербаева Рамзия Фаатовна – №17 мектеп-гимназиясы;
– Крылова Татьяна Константиновна – №6 гимназия;
– Елеубаева Қарлығаш Калимжановна – № 3 мектеп-гимназиясы;
– Төлепбеков Артур Болатбекұлына – «Spectrum» халықаралық мектебі;
– Шаяхметова Айтжан Ермұханқызы – №66 мектеп-лицейі;
– Елубаев Қазбек Елубайұлына – №9 «Зерде» мамандандырылған мектебі;
– Қашаулиева Гүлмира Көкталқызы – №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі.
Сондай-ақ Олимпиада нәтижелері негізінде «Дарын» РҒПО орталығының қорытындысы бойынша 3 астаналық мектеп «Үздік олимпиадалық мектеп» атағына ие болды:
І орын – Дарынды ер балаларға арналған » Білім-инновация лицейі «;
І орын – «NURORDA» мектеп-лицейі»;
ІІІ орын – № 46 мектеп-гимназиясы.
Биылғы оқу жылында республикалық олимпиада «U-Study»орталығының базасында өтті. Аудандық кезеңге – 3487, қалалық кезеңге – 1301, қорытынды кезеңге 110 елордалық оқушы қатысып, 68 жүлделі орынға ие болды, оның ішінде: 11 алтын, 24 күміс және 33 қола медаль, өнер көрсету сапасы – 62%.
Нұр-Сұлтан қаласының командасы жыл сайын I орын алып, «Үздік олимпиадалық команда»атағына ие болды.
Шәкәрім Толыбайұлы 2020-2021 оқу жылының республикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша мектептің 10 директорына және 43 мұғаліміне мектептің бюджет қаражатынан айлық жалақы мөлшерінде ақшалай сыйақы берілетінін атап өтті.
Дөңгелек үстел өткізу бағдарламасы аясында «Астана дарыны» ДДжПС орталығының директоры Ғ. Қ. Тұрсынов жазғы кезеңде дарынды балалармен жұмыс туралы жоспарларымен бөлісті:
- 1-14 шілде аралығында 120 жасөспірім мен жоғарғы сынып оқушыларына (республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері) арналған «Жазғы олимпиада мектебін» өткізу. «Жазғы олимпиада мектебі» аясында қатысушылар өткен жылдардағы халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаз жаттықтырушыларынан білім алады, сонымен қатар оқушылар үшін тамақтану және демалыс (спорттық ойындар, бассейн және басқа да ойын – сауық) ұйымдастырылады.
- Шілде-тамыз айларында 7-10 сынып оқушылары үшін хакатондар ұйымдастыру және өткізу, онда 80 оқушы бір-бірімен таныса алады, білім және идеялармен алмасады әрі болашақта жұмыс істейтін бірлескен жобаны ойлап табады. Хакатонда қатысушылар өздеріне ыңғайлы, еркін форматта бұрын өздеріне беймәлім салалардың мамандарымен кездесіп, жұмыс істейді.
- Тамыз айында 120 мұғалім мен 30 мектеп директорларының орынбасарларына арналған семинарлар ұйымдастырылады. Семинар жұмысына республикалық пәндік олимпиадалардың барлық кезеңдерінде жоғары нәтиже көрсеткен мектептер қатыса алады.
Кездесу соңында мектеп директорлары ұйымдастырушыларға олардың жұмысына жоғары баға бергені үшін алғыс айтып, аталған марапат мектептің, Білім басқармасы мен Орталықтың бірлескен еңбегі екенін атап өтті. Дөңгелек үстел жұмысы жоғары деңгейде өтті.