7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы

2021 жылы 21 мамырда 7-8 сынып оқушылары үшін жаратылыстану- математикалық пәндер бойынша Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті.

Командалардың нәтижелері

Тапсырмалар, шешімдер, қорытынды хаттамалар, дипломдар, грамоталар, сертификаттар

Олимпиада 3 турдан тұрды, 1 тур – онлайн, 2 тур – оффлайн. Алдыңғы екі кезеңнен сүрінбей өткен мектеп оқушылары олимпиаданың үшінші кезеңіне қатысты.
Олимпиадаға қатысушылар 6 пән бойынша тапсырмалар орындады: математика, физика, химия, биология, география және информатика. Елордалық оқушылар әр түрлі деңгейдегі қиындықтарды еңсере білді және «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының медальдар саны бойынша аймақтардың рейтингісіне сәйкес, өз білімдерінің жоғары сапасын көрсетіп, командалық есепте 1 орынды жеңіп алды.
Нұр-Сұлтан қаласы оқушыларының қоржынында 16 медаль бар, оның ішінде 6 алтын, 5 күміс және 5 қола медаль, 3 грамота Олимпиададағы білім көрсеткіші нәтижелері бойынша республика мектептерінің ресми рейтингінде «NURORDA» мектеп-лицейі 1-орынды, ал ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейі – 2-орынды иеленді.
«Астана дарыны» ДДжПС орталығы жас өспірімдер олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған жас дарындарымызды құттықтайды және оларға алдағы додаларда сәттілік тілейді. Олимпиадашылардың жетекшілері мен ата-аналарына алғысымызды білдіреміз!