Нұр-Сұлтан қаласының 8-сынып оқушылары арасында өткен химия пәнінен 1-ші ұлттық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі

Бүгін, яғни 2021 жылғы 24 мамырда «ЭКСПО» конференц-залында «Астана Дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «ZERDE-LIDER» білім беру орталығымен бірге өткізді Нұр-Сұлтан қаласының 8-сынып оқушылары арасында өткен химия пәнінен 1-ші ұлттық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімін өткізді.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II, III дәрежелі дипломдармен және медальдармен марапатталды. Жеңімпаздар  диплом мен медальдан бөлек, «ZERDE-LIDER» орталығының ақшалай сертификаттарымен марапатталды: 1 орын – 30000 теңге, 2 орын – 20000 теңге және 3 орын – 10000 теңге.

І орын – 1 («NURORDA» МЛ);

ІІ орын – 3 («NURORDA» МЛ, №60 МЛ, №82 «Дарын»);

ІІІ орын – 17 (№6 Г (2), №31 МГ, №32 МГ, №38 МЛ, №50 МЛ, №60 МЛ (2), №66 МЛ, №67 Г, №71 МЛ, №72 МЛ, №82 «Дарын» (3), №81 Г, «Столичный» лицейі);

Грамота – 9 (№16 ОМ, №30 МГ, №57 ОМ, №60 МЛ, №81 Г, №82 «Дарын» (2), БИЛер, «NURORDA» МЛ).

Сондай-ақ олимпиада қорытындысы нәтижесінде командалық есепте  «Үздік мектеп» атағына лайықты болған мектептер төмендегідей орындарға ие болды:

Бас жүлде  –  «NURORDA» МЛ;

I орын –№82 «Дарын» лицейі;

ІІ орын –№60 мектеп-лицейі;

ІІI орын –№6 гимназия.

«NURORDA» мектеп-лицейі Олимпиада кубогын жеңіп алды.

Жас химиктерді және олардың жетекшілерін құттықтаймыз!