2-4 сынып оқушылары арасында өткізілген «Бастау-2021» математикалық турнирінің қалалық кезеңі қорытындысы

2021 жылдың наурыз айының 29-31 күндері бастауыш сынып оқушыларына арналған XIV республикалық математикалық «Бастау» турнирінің сырттай (іріктеу) кезеңіне 96 командадан (288 оқушы) сұраныс қабылданды.

Дипломдар, грамоталар

Іріктеу кезеңінен өткен 24 команда (72 оқушы) республикалық  математикалық  «Бастау»   турнирінің ІІ қалалық кезеңіне қатысты.  «Бастау» математикалық турнирінің ІІ (қалалық) кезеңі қазақ тілінде оқитын және орыс тілінде оқитын мектептер үшін 2 топта №89 МЛ және №3 МГ базаларында, 22 мамыр күні өтті.

Қазақ тілінде оқитын мектептерден 13 команда, соның ішінде

Бас жүлде – №66 МЛ;

І орын – «NURORDA» МЛ;

ІІ орын – №48 МЛ, №56 МЛ;

ІІІ орын – №38 МЛ, №50 МЛ, №64 МЛ, №83 МГ, №86 МГ;

Грамота – №3 МГ, №4 МГ, №37 МЛ, №60 МЛ;

Орыс тілінде оқитын мектептерден 11 команда,соның ішінде

Бас жүлде – №6 Г;

І орын – №31 МГ;

ІІ орын – №60 МЛ, Экономикалық лицей;

ІІІ орын – №22 МГ, №62 МЛ;

Грамота – №2 МГ, №27 МГ, №83 МГ, «Флагман», «ALPAMYS».

Бас жүлдеге ие болған №66 мектеп-лицейі мен №6 гимназиясының командасы республикалық кезеңге жолдама алды. Елдегі эпидемиологиялық  ахуалдың тұрақсыздығына байланысты  XIV республикалық  математикалық «Бастау» турнирі Республикалық физика-математика мектебінің  базасында онлайн режимде өтеді.

Диплом мен грамоталарды «Астана дарыны» орталығының сайтында ОҚУШЫЛАРҒА-ҚОРЫТЫНДЫ сілтеме бойынша жүктеп алуға болады.