Кәсіптік бағыт беру


Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының «Qabilet» кәсіби бағдарлау қызметінің ұйымдастыруымен 7-8 сынып оқушыларына арналған «Мамандық таңдауға бір қадам» атты онлайн-вебинарлар ұйымдастырып, өткізді. Вебинар мақсаты 7-8 сынып оқушыларының мамандық таңдау, олардың типтері мен кластары туралы түсініктерін жетілдіру, білімдерін кеңейту болды.
2021 жылдың 19-21 мамыры аралығында елорданың Алматы (597 оқушы), Сарырарқа (547 оқушы), Байқоңыр мен Есіл (746 оқушы) аудандары қарасты білім беру мекемелерінің оқушылары қатысты.
Онлайн вебинарларда «Астана дарыны» орталығының өкілдері «Qabilet» кәсіби бағдарлау қызметінің мамандық таңдауда көмегі туралы, қағидалары туралы және мамандықтың психологиялық типтері жайлы ақпарат берді. Вебинар соңында 7-8 сынып оқушыларының мамандыққа деген ықыласы мен қызығушылығы артып, «Qabilet» кәсіби бағдар беру қызметі арқылы мамандық таңдауға бір қадам жасап, қабілеттерін анықтау мүмкіндіктерін пайдалану керек екендігін түсінді.