Балинттік топ – педагог-психологтер қызметтіндегі жаңа тәсіл

2021 жылғы 19 мамырда «Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық қызмет бөлімі және «Bilim Foundation» қоғамдық қормен бірлесіп, серіктестік аясында Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарының педагог-психологтері үшін Балинт топтарының практикалық жұмысын ұйымдастырды.
Балинттік топтары – кәсіби қарым-қатынас дағдыларын арттырудың, кәсіби стрессті және «эмоционалды күйзелісті» азайтудың тиімді әдісі.
Жұмысты Балинттік топтар халықаралық бағдарламасының сертификатталған тренер Бекмагамбетова Сания Сеилбековна, Көкшетау қаласы «Психологиялық мәдениетті дамыту және қолдау» ҚҚ оқытушысы, және Кагарманова Нурланар Кавказовна практик-психолог, Ақмола облысының аймақтық тренері жүргізді. Оқыту тілі бойынша әр топта 30 педагог-психологтен қатысты.
Тренерлер жұмыстың белсенді түрлерін қолданды – диалогтік әдісі, тікелей және жанама сұрақтар қою, жағдайды талдау және топты қолдау және т.б. Талқылау тақырыбы психологтердің тәжірибесіндегі ең өзекті жағдайлар болды. Балинттік тобының жұмысы барысында психологтер «маманның» «клиентпен» қарым-қатынасының кәсіби тәсілінің жаңа түрлерін игеруге мүмкіндік алды.
Бұл әдіс психологтерге клиенттермен қарым-қатынаста өздерінің «байқалмайтын тұстарын» көруге, түсінуге, кәсіби тұлғааралық қарым-қатынаста құзыреттілікті арттыру, ұжымдық қолдау және қиын жағдайларды бірлесіп зерттеу арқылы мамандардың психикалық жағдайын жақсартуға кедергі келтіретін жеке мәселелерді талдауға мүмкіндік береді.
Жұмыс нәтижесінде психологтер «эмоционалды күйзелістен» өздерін қорғаудың практикалық дағдыларын, коммуникативті стереотиптердің репертуарын кеңейтуді және клиентпен қарым-қатынасты түсінудің жаңа әдістерін игерді.
Қатысушылар өздерінің пікірлерін, сонымен қатар Балинттік топтары оқуын жалғастыру туралы ұсыныстарын білдірді.