4 сынып оқушыларына арналған қалалық пәндік олимпиаданың қорытындысы

  «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы жұмыс жоспарына сәйкес білім беру мекемелерінің 4 сынып  оқушыларына арналған қалалық пәндік олимпиаданы  2021 жылғы мамыр айының 15-і күні елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қашықтықтан өткізді.

Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыра отырып,  дүниетанымын кеңейту, дарынды, талантты оқушыларды анықтау. 

Олимпиадаға 4 пәннен (математика, қазақ тілі, орыс тілі, дүниетану) 1050 оқушы қатысты.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 467 оқушы (44%) жүлдегер мен жеңімпаз атанды:

І орын – 88;

ІІ орын – 187;

ІІІ орын – 192;

Грамота – 89.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және жетекшілерін жетістіктерімен құттықтаймыз!

Тізім https://drive.google.com/file/d/16EicLDy5-BkVEibwYOoDPVGRmuA35g8u/view?usp=drivesdk

Дипломдар, грамоталар