Нұр-Сұлтан қаласы 8 сынып оқушылары арасында өткен химия пәнінен «I Ulttyq olımpıadanyń» аудандық кезеңінің қорытындысы.

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «ZERDE-LIDER» білім беру орталығымен бірлесе отырып, 2021 жылдың 12-20 мамыры аралығында 8-сыныптар арасында химия пәнінен І Ұлттық олимпиадасын өткізуде. Олимпиада 3 кезеңнен тұрады:

Аудандық кезең (онлайн) – 12 мамыр;

Қалалық олимпиаданың (іріктеу) кезеңі (офлайн) – 14 мамыр;

Қалалық олимпиаданың қорытынды кезеңі (офлайн) – 20 мамыр күні өткізіледі.

2021 жылдың 12 мамыр күні химия пәнінен online.zerde-leader.com платформасында 8 сынып оқушылары арасында «I Ulttyq olımpıada»-ның аудандық кезеңі өтті. Аудандық кезеңге Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 63 білім беру мекемелерінен 422 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған 216 оқушы қалалық (іріктеу) кезеңге жолдама алды

Олимпиадаға жолдама алған №1 – №58 және Nur-orda мектептерінің оқушылары №50 мектеп-лицейіне, №59-№90, БИЛ және жеке меншік мектептердің оқушылары №66 мектеп-лицейіне 14 мамыр күні сағат 10:00 офлайн режимде өтетін қалалық іріктеу олимпиадасына қатысады. Олимпиадаға тіркеу сағат 9:00 басталады. Қатысушы өзімен бірге қалам, маска, 0,5 л су алуы қажет. 

Төменде қалалық іріктеу кезеңіне жолдама алған оқушылар тізімін ұсынамыз:

https://drive.google.com/file/d/1Z9kHpgoRCzpjbsfe6lmMu0Lt5sfOtI_o/view?usp=sharing

Қатысушыларға сәттілік тілейміз!