«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының қалалық кезеңінің қорытынды туры

2021 жылғы 28 сәуірі күні «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының ұйымдастыруымен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы қалалық кезеңінің қорытынды туры басталды. Қорытынды турдың алғашқы күнінде іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен 20 тәлімгер мен педагог-ұйымдастырушылар, 31 жас педагог және 14 психолог өз шеберліктерімен бөлісті.

         Ертең, яғни 29 сәуірде мектеп оқушылары мен магистранттар бақ сынайды. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!