Кезекті жеңіспен құттықтаймыз!

«EGMO-2021″қыздарға арналған халықаралық математикалық олимпиада Елордалық оқушымыз үшін табысты аяқталды!Қазақстан құрамасы соңғы бес жылда дәл осы олимпиадада үздік нәтиже көрсетіп келеді. Биылғы жыл да бұл білім додасы еліміз үшін жемісті болды!№ 9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің 11 сынып оқушысы Уалиева Дильназ атаулы олимпиадада өз білімін дәлелдеп, жүлделі 2 орынға ие болды! Бұл олимпиада мектеп оқушыларына арналған болса да, тапсырмалар деңгейі өте жоғары. Сондықтан халықаралық олимпиадада табысты өнер көрсету біздің оқушымыз үшін де, еліміз үшін де маңызды жеңістерінің бірі болып саналады.Жыл сайын математикада өз қабілеттерін көрсеткісі келетін қатысушылар саны артып келеді. Осы мерейтойлық жылда (10 жыл) әлемнің 55 елінің атынан қатысқан қыздар осындай беделді математикалық олимпиадаға қатысуға ниет білдірген. Әлемнің бірнеше елінен қатысқан үздіктер қатарынан Дильназдың алға суырылып, алған жүлдесі үлкен еңбектің нәтижесі деп білеміз.»Астана дарыны» ДДжПС орталығы Уәлиева Дильназды жүлдесімен құттықтайды және біздің жұлдызымыз олимпиада аспанында жарқырап көріне беруін, одан да биік шыңдарды бағындыруын тілейді!