ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫ

2021 жылдың 13 сәуірінде «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының директор Тұрсынов Ғаждембек Қуанышұлы және «Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы» МКҚК директоры Кушибаева Раушан Ганиқызы ынтымақтастық туралы екі жақты меморандумға қол қойды.

Ғаждембек Қуанышұлы мен Раушан Ғаниқызы бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру, еліміздің зияткерлік элитасын қалыптастыру, бәсекеге қабілетті жас дарындарды дамыту және тәрбиелеу бойынша өзара іс-қимыл және одан әрі ынтымақтастық жоспарларын талқылады.

Сондай-ақ, тараптар коммуникацияны дамытуға, жаңа технологияларды зерделеуге баса назар аудара отырып, әртүрлі республикалық және халықаралық білім беру бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыруды жоспарлауда.