21-ші ғылым–зерттеу жобаларын қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша «Адам-Жер-Ғарыш» Бүкілресейлік олимпиадасы

«Дарын» республикалық–ғылыми практикалық орталығының 2021 жылғы 12 сәуіріндегі №233/15-11-06 хаты негізінде «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 2021 жылы мамыр айының 3-8 күндері аралығында Королев қаласында 21-ші ғылым–зерттеу жобаларын қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша «Адам-Жер-Ғарыш» Бүкілресейлік олимпиадасының өтетінін хабарлайды.
Конкурстың мақсаты: дарынды оқушылардың ғылыми-зерттеу шығармашылығына және зерттеу мамандығына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды қолдау.
Конкурсқа қалалық және республикалық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары 8-11(12) сынып оқушылары қатыса алады.
Конкурсты өткізу туралы Ереже astanadaryny.kz сайтында көрсетілген.
Конкурсқа сілтеме бойынша екі тілде (қазақша, орысша) http://tiny.cc/khzvtz ағымдағы жылдың 15 сәуіріне дейін тіркелесіздер.

Қосымша мәліметті мына мекен-жайдан білуге болады:«Астана дарыны» ДДЖПСО, Мәңгілік ел 55/13, пост-5, С2.1, E-mail: astanadaryn@mail.ru