«ЮВЕНОЛОГИЯЛЫҚ ОҚУЛАР -2021» жастар ғылыми-практикалық конференциясы

Нұр-Сұлтан қ.
22-23 сәуір 2021 ж.

Халықаралық жастар ынтымақтастығы күні аясында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы № 3, № 47МГ және № 60,72МЛ «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 22-23 сәуірінде жастар өңірлік ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
«ЮВЕНОЛОГИЯЛЫҚ ОҚУЛАР-2021»
Мақсаты: қоғамдық сананы жаңғырту және жаһандық сын-тегеуріндер жағдайында жастардың мәдени тәжірибелерінің өзекті мәселелерін қарау.
Құрылымы: конференция тақырыптық ұйымдастырылған пленарлық баяндамалар мен презентациялардан, сондай-ақ пікірталас алаңдары мен флеш-мобтан тұрады.
Қатысушылар контингенті: Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарының жоғары сынып оқушылары, колледж және ЖОО студенттері
Өткізу тілі: орыс, қазақ және ағылшын тілдері.
Ұйымдастыру комитетінің төрағасы – «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының директоры, Т.Ғ.Тұрсынов
Бағдарламалық комитет төрағасы – «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының ғылыми кеңесшісі, ювенологиялық зерттеулер орталығының директоры, педагогика ғылымдарының докторы (ҚР), әлеуметтану ғылымдарының докторы (РФ), профессор, А. Н. Тесленко.
Конференцияның жауапты үйлестірушісі – -«Астана дарыны»дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының психологиялық қызмет бөлімінің басшысы, А.К. Исабекова.
Ұсынылып отырған форумның басты назарында – жастар мәселесіне қазіргі заманғы көзқарас. Талқылау үшін қазақстандықтардың жас буынын әлеуметтендіру және дамыту мәселелерінің кең спектрі ұсынылады.
Александр Николаевич Тесленко – конференцияның идея берушісі және ұйымдастырушысы жастар мәселесін зерттеу саласындағы жетекші маман, профессор, педагогика ғылымдарының докторы (ҚР), әлеуметтану ғылымдарының докторы (РФ), халықаралық ювенология академиясының және Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі.
Рожков Михаил Иосифович – (Мәскеу қ., Ресей) конференцияның құрметті қонағы, РФ еңбек сіңірген ғылым қайраткері, РЖҒА академигі, РФ еңбек сіңірген ғылым қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор.
2021 жылғы 22 сәуірде ZOOM интернет-алаңында пленарлық вебинар өтеді, онда конференцияға қатысушылар өз баяндамалары мен әлеуметтік жобаларын ұсынады. Сол күні қатысушылар «Ресей, Беларусь және ЕО-дан келген шетелдік құрдастарымен «Қазіргі ұрпақ: өзі туралы ғана емес …» воркшопқа қатысады.
23 сәуірде ЭКСПО-орталығының мәжіліс залында «Жасөспірім болу оңай ма?» атты пікірталас жүргізіледі. Қатысушылар оқушы жастардың өзекті мәселелерін және жастармен жұмысты әлеуметтік-педагогикалық қамтамасыз етудің түрлі аспектілерін талқылайды. Соңында «Біз – бұл әлем!» атты флеш-моб ұсынылады.

Ұйымдастыру комитеті