Дарынды балаларға – талантты ұстаз» XIII Республикалық-педагогикалық олимпиадасының қалалық кезеңін өткізу шарттары туралы вебинар

2021 жылдың 6 сәуір күні «Астана дарыны» ДДжПСО You Tube  платформасында педагогикалық жоғарғы оқу орындары мен колледждердің соңғы курс студенттері, магистранттар, мектеп директорларының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары және мұғалімдеріне  арналған вебинар өтті.

         Вебинарда «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық-педагогикалық олимпиадасының қалалық кезеңін өткізу шарттары қамтылды.

         «Астана дарыны» ДДжПСО директоры Тұрсынов Ғаждембек Қуанышұлы  орталықтың   «Педагогикалық шеберлік»  бөлімінің ұстаздар қауымының ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, кәсіби деңгейі мен педагогикалық шеберлігін арттыру мақсатында жүргізіп жатқан ісшараларымен таныстырды. Сондай-ақ «Дарынды балаларға-талантты ұстаз» республикалық-педагогикалық олимпиадасының  ауқымды екенін, үлкен дайындықты талап ететіндігін атап өтті.

        «Астана дарыны» ДДжПСО директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары  Бейсенбаева Жанар Маулетханқызы педагогикалық олимпиадасының  өткізу шарттарымен толық танстырды.

     «Астана дарыны» ДДжПСО педагог-психологы  Сейдімхан Бексұлтан «Көпшілік алдында сөйлеуге психологиялық тұрғыдан қалай дайындалу керек» («Как психологически подготовиться к публичному выступлению») тақырыбында психологиялық тұрғыдан кеңес берді.

      «Астана дарыны» ДДжПСО «Педагогикалық шеберлік» бөлімінің жетекшісі  Садвакасова Алма Досжановна конкурстың жалпы ережесімен таныстырды.

     Вебинарға 179 тыңдарман қатысып, өз пікірлері мен сұрақтарын қалдырды. Мүмкіндігіне қарай сұрақтарға жауап берілді.

Вебинардың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы таныса аласыздар:

https://youtu.be/EwtR-3znEAI.