Білім басқармасының 2020 жылғы 21 қазандағы №445 бұйрығына сәйкес «астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық орталығы және «қызылжар абай орта мектебі» ққ бірлесіп, ағымдағы жылдың 23-26 қараша күндері аралығында баланың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ата – аналарды ақпараттандыру үшін «балалардың психологиялық денсаулығы: ата-аналық сананың бағыттаушысы» тақырыбына қашықтан оқыту курсын ұйымдастырып, өткізді. Курс барысында «астана дарыны» дджпсо ғылыми кеңесшісі а.н.тесленко «kz ұрпағын әлеуметтендірудің ерекшеліктері мен тәуекелдері», әдіскер л.ж.бодыкова «қазіргі балалар тәрбиесіндегі ата – ананың рөлі» тақырыптарында жүргізген дәрістерде жалпы ата – аналар қауымдастығын 2000 жылдан кейінгі туылған жастардың психологиялық – әлеуметтік сипаттамаларымен және олардың алдыңғы ұрпақтардан ерекшеліктерімен таныстырып, баланың ата – ана сүйіспеншілігіне қанағаттанбаудан психологиялық ауытқулардың болатынын және оның алдын алу жолдарына талдау жасалды. «қызылжар абай орта мектебі» ққ-ң нұр – сұлтан қаласы бойынша өңірлік жетекшісі г.капанова «саналы ата-ана: өз эмоцияларыңызды қалай басқаруға болады?», аталған мекеменің психотерапевт, психологі ж.а. досжанова «эмоционалды дағдарыс жағдайы дегеніміз не және одан қалай шығу керек?», психолог р.с. альжанова «отбасында – әлеуметтік психологиялық атмосфераны нығайту жолдары» тақырыптарындағы дәрістерінде ата – аналардың өзара қарым-қатынасындағы жағдайдың бала мінез-құлқына, жағымсыз іс-әрекеттерге баруына себеп болатынын күнделікті өмір тәжірибелерінен мысалдар келтіре отырып, ата-аналарды шыдамды, төзімді болуға, өз эмоцияларын басқара білуге кеңестер берді.
Психикалық денсаулық медицина орталығының психолог- суицидологі м.а.смецкой «отбасында ынталандыру шараларын қалай қолдануға болады?» тақырбында жеткіншектер мен ата – аналар қарым-қатынасында туындайтын мәселелер бойынша ашық диалог жүргізді. Баланың оқуға деген ынтасын арттыру, телефон, интернетке деген тәуелділіктің алдын алуға қатысты қойылған сұрақтарға жауаптар берді. Курсқа екі мыңнан аса ата – аналар қатысты, мазмұнды әрі пайдалы дәрістер, кеңестер үшін спикерлерге өз ризашылықтарын білдіріп, осындай оқудың жиі өткізілуіне ұсыныстар жасады. «астана дарыны» дджпсо атынан курсқа қатысқан ата – аналар мен спикерлерге алғыс айтамыз.