I қалалық «Мәуелі мұра» оқулары

I қалалық «Мәуелі мұра» оқулары 8-11 сынып оқушылары арасында 20 сәуір күні №70 мектеп-лицейінде өткізіледі.

Дәстүрлі түрде жалғасатын «Мәуелі мұра» оқулары Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналады.

Оқулардың мақсаты – мектеп оқушылары арасында қазақ әдебиеті шығармаларын насихаттап, құнды қазыналарымызды білу қажеттілігін көрсету, әдеби тіл байлығы, көркемсөз оқу шеберлігін дамыту.

Ережеге сәйкес оқулар төрт номинация бойынша өткізіледі:

  1. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» – ақындар айтысы номинациясы.
  2. «Толғауы тоқсан қызыл тіл…» – ақындар мүшайрасы номинациясы.
  3. «Таза, мінсіз асыл сөз…» – эссе жазу номинациясы.
  4. «Әдебиет танытқыш» – шығарма мәтінінің көркемдік құрылысын талдау номинациясы.

Осы хат «Мәуелі мұра» оқуларына алдын ала дайындық жұмыстарың жүргізу үшін жіберіліп отыр.
Оқуларға қатысу туралы сұраныстар (қосымша бойынша) 9 сәуіріне дейін project@astanadaryny.kz адресіне қабылданады.

Қосымша ақпарат алу үшін:
8 7172 20 26 83, 8 701 252 45 95.

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық
сүйемелдеу орталығы 10.03.2021 ж. №115/05-09 хаты негізінде 8 – 11 сынып
оқушылары арасында өткізілетін І қалалық «Мәуелі мұра» оқулары (бұдан
әрі- Оқулар) қазақтың аса көрнекті ағартушы- педагогі Ыбырай
Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналатынын хабарлайды.
Оқулардың мақсаты – мектеп оқушылары арасында ауыз әдебиеті
шығармаларын насихаттап, құнды қазыналарымызды білу қажеттілігін
түсіндіру, көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру, әдеби тіл байлығы,
көркемсөз оқу шеберлігін дамыту.
Оқулар санитарлық нормалардың қатаң сақталуымен екі кезеңде
өткізіледі:
І кезең – білім беру мекемелерінде: наурыз- сәуір айларында;
ІІ кезең – қалалық кезең: 2021 жылғы 20 сәуір күні № 70 мектеп-
лицейінде (уақыты қатысушыларға жеке хабарланады).
Ережеге сәйкес оқулар төрт номинация бойынша өтеді:

  1. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» – жас ақындар айтысы номинациясы;
  2. «Толғауы тоқсан қызыл тіл…» – жас ақындар мүшайрасы
    номинациясы;
  3. «Таза, мінсіз асыл сөз» – эссе жазу номинациясы;
  4. «Әдебиет танытқыш» – шығарма мәтінінің көркемдік құрылысын
    талдау номинациясы.
    Оқуларға қатысу туралы сұранысты 1 қосымшада көрсетілген үлгі
    бойынша 2021 жылдың 09 сәуіріне дейін astanadaryn@mail.ru электронды
    адресіне жіберулеріңізді сұраймыз.
    Мекен жайымыз: Нұр- Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 55/13,
    «Астана дарыны» ДДжПС орталығы.
    Қосымша ақпарат алу үшін мына байланыс телефонына
    хабарласуыңызға болады: 8/7172/ 20 26 83.