ҚАЛАЛЫҚ «ҚҰТТЫ БІЛІК» ОҚУЛАРЫ 2021

2021 жылғы 18 наурызда Ұлыстың ұлы күні әз Наурыз мейрамы қарсаңында «Астана дарыны» ДДжПС орталығының ұйымдастыруымен №64 мектеп – лицейінде елордалық білім мекемелерінің 5 – 7 сынып оқушылары арасында алғаш рет «Құтты білік» оқулары өтті. 

Жас ұрпақты халық ауыз әдебиетінің жауһарларымен сусындатып, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, көркемсөз оқу шеберлігі мен шығармашылығын дамыту  мақсатын көздеген оқулар ауыз әдебиетінің ең көне эпосы – «Алпамыс батыр» жырына арналды.

Қалалық  «Құтты білік» оқуларына Нұр–Сұлтан қаласының 44 білім беру мекемелерінен 130 оқушыға сұраныс берді, 18 оқушы белгілі себептермен қатысқан жоқ.

Әр номинация бойынша ҚР мәдениет қайраткерлері, ақындар мен өнер майталмандары, жоғары оқу орындарының оқытушылары қазылық қызмет атқарды.

Қалалық «Құтты білік» оқуларында: 

1. «Топжарған» – жатқа, мәнерлеп оқу номинациясына 29 оқушы қатысып – 

Бас жүлде – № 4 МГ, Мұрат Айғаным

І орын – №24 ОМ, №85 МЛ

ІІ орын – №16 ОМ, №52 МГ, №77 МГ, №89 МЛ

ІІІ орын – №47 МГ, №70 МЛ, №72 МЛ, №73 МЛ, №80 МГ, №86 МГ

Грамота –  №28 МЛ, №53 МЛ, №62 МЛ, №64 МЛ

2. «Ақ қауырсын» – ақындар мүшайрасы номинациясы бойынша 19 оқушы қатысып –

І орын – №64 МЛ

ІІ орын – №69 МГ, №87 МГ, №37 МЛ

ІІІ орын – №26 МГ, №65 МГ, №81 Г, №82 МЛ, №88 МЛ

Грамота –  №16 ОМ, №62 МЛ, №70 МЛ, №86 МГ

3. «Ойтолғау» эссе жазу номинациясына 36 оқушы қатысып – 

І орын – №40 МЛ, №66 МЛ, №70 МЛ

ІІ орын – №53 МЛ, №69 МГ, №77 МГ, №86 МГ

ІІІ орын – №4 МГ, №16 ОМ, №17 МГ,№62 МЛ, №64 МЛ, №68 МГ, №80 МГ, №85 МЛ 

Грамота – №26 МГ, №27 МЛ, №34 ОМ, №35 МЛ, №90 Г

4. «Сыр сандық» шешендік өнер номинациясы бойынша 28 оқушы қатысып –

Бас жүлде – № 16 ОМ, Түгел Амина

І орын – №58 МГ, №86 МГ, №64 МЛ

ІІ орын – №73 МЛ, №77 МГ, №72 МЛ, №61 МГ

ІІІ орын – №24 ОМ, №27 МЛ,№35 МЛ, №52 МГ, №70 МЛ 

Грамота – №2 МГ, №4 МГ, №7 МГ, №85 МЛ, №90 гимназияның оқушылары  жүлделі орындарға ие болды. 

Қалалық «Құтты білік» оқуларының өтуіне қосқан үлестері және ұйымдастыру жұмысына атсалысқандары үшін  №64 мектеп – лицейінің әкімшілігі мен ұстаздарына алғыс айтамыз!

Дипломдар, грамоталар және сертификаттар