«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының психологиялық қызмет бөлімінің педагог-психологі-модератор Т.С Сатымбекова «Жастар арасында зорлық-зомбылықты болдырмау және оның алдын-алу шаралары» тақырыбында онлайн-семинар ұйымдастырады.
Семинардың мақсаты: Құқықтық санасы мен мәдениеті жоғары деңгейде дамыған тұлғаны қалыптастыруда педагог-психологтерге әдістемелік тұрғыда бағыт беру
Мақсатты топ: колледж және мектеп педагог-психологтері.
Уақыты: 2021 жылғы 17 наурыз, сағат 15.00-де.
Семинар онлайн режимінде қазақ тілінде өтеді
Семинарда зорлық-зомбылық дегеніміз не? – азаматтардың құқын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі қарастырылады.
Зорлық-зомбылықтың түрлері мен формулалары, олардың адам денсаулығына, әлеуметтік жағдайларына тигізетін зардабы.
Зорлық-зомбылықтың себептері:
– Отбасындағы тәрбиедегі ақау;
– Отбасының материалдық әл-ауқаты;
– Баланың бос уақытының шамадан тыс мол болуы;
– Ата-ана тарапынан бақылаусыз қалуы;
– Мінез-құлқының ауытқушылығы;
– Рухани құлазуы, яғни « құндылықтардың жетіспеуі» айтылады.