«Жастар арасында зорлық-зомбылықты болдырмау және оның алдын алу шаралары» тақырыбы бойынша семинар

           «Астана дарыны» дарындылықты  дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының  психологиялық  қызмет  бөлімінің  педагог-психологі-модератор Т.С Сатымбекова  «Жастар арасында зорлық-зомбылықты  болдырмау және оның алдын-алу шаралары»   тақырыбында онлайн-семинар ұйымдастырады.

Семинардың мақсаты: Құқықтық  санасы мен  мәдениеті  жоғары деңгейде  дамыған   тұлғаны  қалыптастыруда  педагог-психологтерге әдістемелік тұрғыда бағыт беру

         Мақсатты топ: колледж және мектеп педагог-психологтері.

         Уақыты: 2021 жылғы 17 наурыз, сағат 15.00-де.

         Семинар онлайн  режимінде  қазақ  тілінде өтеді

         Семинарда  зорлық-зомбылық дегеніміз не? – азаматтардың құқын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе  психикалық ықпал етуі қарастырылады.

       Зорлық-зомбылықтың  түрлері мен формулалары, олардың  адам  денсаулығына, әлеуметтік  жағдайларына  тигізетін  зардабы.

       Зорлық-зомбылықтың себептері:

           – Отбасындағы  тәрбиедегі ақау;

           – Отбасының материалдық әл-ауқаты;

           – Баланың бос уақытының шамадан тыс мол болуы;

           – Ата-ана тарапынан бақылаусыз қалуы;

           – Мінез-құлқының ауытқушылығы;

           – Рухани құлазуы, яғни « құндылықтардың  жетіспеуі» айтылады.