«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 5-8 қаңтар аралығында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған, «Бастауыш мектепте олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік семинарын және семинар аясында 8 қаңтар күні «Алтын Тұғыр» олимпиадасын өткізді.
Семинар мен Олимпиаданың мақсаты – бастауыш мектеп мұғалімдерін математика пәнінен олимпиадаға дайындаудың ұйымдастырушылық, әдістемелік және практикалық аспектілеріне оқыту, мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту, педагог мамандығының мәртебесін арттыру. Аудандық, республикалық олимпиада тапсырмаларының шешу тәсілдерін және мектеп бағдарламасының күрделі логикалық есептерін талқылау.
Олимпиада мұғалімдердің зерттеушілік және шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасауға, математиканы оқыту процесін жетілдіруге; жоғары кәсіби мұғалімдерді анықтау және қолдауға, математика пәнінен олимпиада тапсырмаларын шешуде педагогтардың біліктілігі мен дағдыларын жетілдіруге бағытталған.
Олимпиада бірнеше дұрыс жауабы бар тест форматында нақты уақыт режимінде тікелей эфирде өтті. Әр дұрыс орындалған тапсырма үшін белгілі бір ұпай саны есептелді. Ең көп ұпай жинаған қатысушылар олимпиада жеңімпаздары атанды.
Олимпиадаға елордалық білім беру мекемелерінен 23 педагог қатысты. Оның ішінде 12 (60%) педагог жеңімпаз және жүлдегер атанды. І дәрежелі дипломымен – 1, ІІ дәрежелі дипломдармен – 1, ІІІ дәрежелі дипломдармен –10(50%), номинациялар бойынша грамоталармен – 4. Сұраныс берген төрт педагог қатыса алмады.
№ | Педагогтің аты-жөні | Өңірі | Ұпай | Қосымша ұпай | Қосынды | Орындар |
Сақып Жанатгүл | Нұр-Сұлтан | 150 | 12 | 162 | I | |
Сомтемирова Лилия Коянбаевна | № 66 МЛ | 115 | 0 | 115 | II | |
Жанибекова Айнур Намияловна | № 83 МГ | 75 | 6 | 81 | III | |
Туруспекова Айнур Бакытпековна | №72 МЛ | 70 | 9 | 79 | III | |
Сұлтан Айгерим Маратқызы | №67 Г | 70 | 9 | 79 | III | |
Темирова Меруерт Махметовна | Нұр-Сұлтан | 75 | 3 | 78 | III | |
Жанбыршиева Айнур Буркитбаевна | № 85 МЛ | 75 | 0 | 75 | III | |
Қожабекова Арайлы Маратовна | №72 МЛ | 65 | 6 | 71 | III | |
Берденова Айнаш Кипшакбаевна | №78 МГ | 60 | 9 | 69 | III | |
Авилхан Елмира | № 84 МЛ | 65 | 3 | 68 | III | |
Тулеубаева Асия Балтабаевна | №61 ОМ | 65 | 3 | 68 | III | |
Тарасова Людмила Николаевна | Экономикалық лицейі | 55 | 12 | 67 | III | |
Авид Гульжанар | № 88 МЛ | 60 | 3 | 63 | IV | |
Раш Шахеризада Мухтаровна | №71 МЛ | 50 | 3 | 53 | IV | |
Ахметова Дарига Амерхановна | № 85 МЛ | 50 | 0 | 50 | IV | |
Салимова Айгуль Сембековна | Экономикалық лицейі | 45 | 3 | 48 | IV | |
Жумабаева Айман Омирсериковна | Нұр-Сұлтан | 35 | 0 | 35 | ||
Мурсалимова Айдана Сагынтаевна | № 85 МЛ | 25 | 0 | 25 | ||
Байжанова Айжан Тюлентаевна | № 5 Г | 10 | 0 | 10 | ||
Ахметова Дарига Амерхановна | Нұр-Сұлтан | 0 | 0 | 0 |