«Бастауыш мектепте олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері» республикалық оқу-әдістемелік семинары мен «Алтын тұғыр» олимпиадасының қорытындысы

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 5-8 қаңтар аралығында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған, «Бастауыш мектепте олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік семинарын және семинар аясында 8 қаңтар күні «Алтын Тұғыр» олимпиадасын өткізді.

Семинар мен Олимпиаданың мақсаты  – бастауыш мектеп мұғалімдерін математика пәнінен олимпиадаға дайындаудың ұйымдастырушылық, әдістемелік және практикалық аспектілеріне оқыту, мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту, педагог мамандығының мәртебесін арттыру. Аудандық, республикалық олимпиада тапсырмаларының шешу тәсілдерін және мектеп бағдарламасының күрделі логикалық есептерін талқылау.

Олимпиада мұғалімдердің зерттеушілік және шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасауға, математиканы оқыту процесін жетілдіруге; жоғары кәсіби мұғалімдерді анықтау және қолдауға, математика пәнінен олимпиада тапсырмаларын шешуде педагогтардың біліктілігі мен дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

Олимпиада бірнеше дұрыс жауабы бар тест форматында нақты уақыт режимінде тікелей эфирде өтті. Әр дұрыс орындалған тапсырма үшін белгілі бір ұпай саны есептелді. Ең көп ұпай жинаған қатысушылар олимпиада жеңімпаздары атанды.

Олимпиадаға елордалық білім беру мекемелерінен 23 педагог қатысты. Оның ішінде 12 (60%)  педагог жеңімпаз және жүлдегер атанды. І дәрежелі дипломымен – 1, ІІ дәрежелі дипломдармен – 1, ІІІ дәрежелі дипломдармен –10(50%), номинациялар бойынша грамоталармен – 4. Сұраныс берген төрт педагог қатыса алмады.

Педагогтің  аты-жөніӨңіріҰпайҚосымша ұпайҚосындыОрындар
 Сақып ЖанатгүлНұр-Сұлтан15012162I
 Сомтемирова Лилия Коянбаевна№ 66 МЛ1150115II
 Жанибекова Айнур Намияловна№ 83 МГ75681III
 Туруспекова Айнур Бакытпековна№72 МЛ70979III
 Сұлтан Айгерим Маратқызы№67 Г70979III
 Темирова Меруерт МахметовнаНұр-Сұлтан75378III
 Жанбыршиева Айнур Буркитбаевна№ 85 МЛ75075III
 Қожабекова Арайлы Маратовна№72 МЛ65671III
 Берденова Айнаш Кипшакбаевна№78 МГ60969III
 Авилхан Елмира№ 84  МЛ65368III
 Тулеубаева Асия Балтабаевна№61 ОМ65368III
 Тарасова Людмила НиколаевнаЭкономикалық лицейі551267III
 Авид Гульжанар № 88  МЛ60363IV
 Раш Шахеризада Мухтаровна№71 МЛ50353IV
 Ахметова Дарига Амерхановна№ 85    МЛ50050IV
 Салимова Айгуль СембековнаЭкономикалық лицейі45348IV
 Жумабаева Айман ОмирсериковнаНұр-Сұлтан35035
 Мурсалимова Айдана Сагынтаевна№ 85 МЛ25025
 Байжанова Айжан Тюлентаевна№ 5 Г10010
 Ахметова Дарига АмерхановнаНұр-Сұлтан000