Елордалық оқушы EGMO халықаралық Еуропалық математикалық олимпиадасының іріктеу кезеңіне қатысып, ең жоғары нәтиже көрсетті!

Қыздарға арналған Еуропалық математикалық Олимпиада (EGMO) 10 жылға жуық үлкен танымалдылыққа ие болуда. 2020 жылы эпидемиологиялық жағдайға байланысты олимпиада қашықтықтан өтті және оған әлемнің 25 елінен оқушылар қатысты.

Бұл олимпиадаға Қазақстан 2017 жылдан бері қатысып келеді және осы олимпиадаға қатысқан үш жыл ішінде біздің еліміз 2 алтын, 3 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды. Айта кету керек, өткен үш жылда Қазақстан командасында екі қатысушы – елордалық мектептердің өкілдері болды.

«Астана дарыны» ДДжПС орталығы дарынды балаларды анықтау және қолдау мақсатында өткізетін зияткерлік олимпиадаларда осындай кішкентай жарық жұлдыздар жарқырауда.

Солардың бірі – №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің оқушысы Уалиева Дильназ 2019 және 2020 жылдары алтын және қола медаль иегері атанды, бұған Дильназдың математикалық дарынына оның үлкен еңбегінің де үлесі зор.

Биылғы жылы Дильназ көктемгі мереке қарсаңында, яғни ағымдағы жылдың 6-8 наурызында өткізілген қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиадаға (EGMO-2021) іріктеу байқауының барлық қатысушылары арасында жеке рейтингте бірінші болып өтті.

Дильназ команда құрамында EGMO олимпиадасында Қазақстанның намысын қорғайтын болады.

Дильназдай жас дарынымыздың алдында үлкен жол бар, онда ол өзінің математикалық талантын дамытып, арттыра түспек.

Дильназды құттықтаймыз және оған жарыс жолында жемісті жеңіс тілейміз!!!