Қалалық олимпиаданың жабылу салтанаты

Құрметті оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар!Ертең, 2021 жылдың 3 наурызында, сағат 15.00-де «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы Нұр-Сұлтан қаласындағы 9-11 сынып оқушылары арасында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жабылу салтанатын өткізеді. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімін сілтемесі арқылы қарауға болады.