«Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу және стресс-менеджмент» тақырыбы бойынша семинар

       «Астана дарыны» дарындылықты  дамыту  және  психологиялық сүйемелдеу орталығының  психологиялық  қызмет бөлімі  Абай  атындағы  КазҰПУ мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының оқытушысы, PhD доктор А.И.Ахметовамен бірлесіп, «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу  және  стрессменеджмент» тақырыбында онлайн-семинар ұйымдастырады.

Семинардың мақсаты: Аутодеструктивті мінез-құлықтың  алдын алу және колледж студенттерінің стресстік тұрақтылығын дамыту.

Мақсатты топ:  Нұр-Сұлтан  қаласы, колледж  педагог-психологтары.

Өткізу күні: 2021 жылғы  4  наурыз,  сағат  15.00. Семинар  онлайн режимінде екі тілде өтеді.

          Семинарда  келесі мәселелер қарастырылады: суицидтің  алдын алу және колледж  студенттерінің  стреске төзімділігін дамыту, жалпыадамзаттық құндылықтар – өмір құндылығы, ерік бостандығы, жауапкершілік, оптимизм, жасөспірімдер  арасындағы  суицидтің  алдын алу негізі. Профилактикалық әңгімелесу және қиын өмірлік жағдайды талдау..