«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының психологиялық қызмет бөлімі Абай атындағы КазҰПУ мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының оқытушысы, PhD доктор А.И.Ахметовамен бірлесіп, «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу және стрессменеджмент» тақырыбында онлайн-семинар ұйымдастырады.
Семинардың мақсаты: Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу және колледж студенттерінің стресстік тұрақтылығын дамыту.
Мақсатты топ: Нұр-Сұлтан қаласы, колледж педагог-психологтары.
Өткізу күні: 2021 жылғы 4 наурыз, сағат 15.00. Семинар онлайн режимінде екі тілде өтеді.
Семинарда келесі мәселелер қарастырылады: суицидтің алдын алу және колледж студенттерінің стреске төзімділігін дамыту, жалпыадамзаттық құндылықтар – өмір құндылығы, ерік бостандығы, жауапкершілік, оптимизм, жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу негізі. Профилактикалық әңгімелесу және қиын өмірлік жағдайды талдау..