Кәсіптік бағдар беру

 «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының «Qabilet» кәсіби бағдарлау қызметінің ұйымдастыруымен  9-11 сынып оқушыларына арналған «Мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмірдің кілті» атты онлайн-конференция  өткізуді бастады. 

2021 жылдың 18 ақпанында елорданың Байқоңыр және Есіл ауданына қарасты білім беру мекемелері оқушыларының қатысуымен өткен кезекті онлайн-конеренцияда «Астана дарыны» орталығының мамандары «Qabilet» кәсіби бағдарлау қызметінің жұмысымен таныстырды. Конференцияның қонағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілі Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарының әр түрлі критерийлер бойынша зерттеу арқылы дайындалған білім беру бағдарламаларының рейтингісі жайлы ақпарат берді.