Кәсіптік бағдар беру

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен «Qoldau» Қамқоршылар кеңесі қоғамдық бірлестігі ынтымақтастық келісімі негізінде, елордалық мектептердің қамқоршылар кеңесінің төрағалары өз мектептерінде «Кәсіптік бағдар беру» бойынша ата-аналарға арналған онлайн-конференцияларын  ұйымдастырып, өткізуді бастады. 

2021 жылдың 9 ақпанында №43 орта мектептің ата-аналарының қатысуымен өткен алғашқы онлайн-конеренцияда «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілі университеттердің білім беру бағдарламаларының рейтингі туралы және «Астана дарыны» орталығының өкілі «Qabilet» кәсіби бағдарлау қызметі жайлы ақпарат берді.