8-11 сынып оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы

2021 жылғы  9 ақпан күні 8-11 сынып оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңі басталады.

Республикалық ғылыми жобалар конкурсы 4 бағытта өткізіледі:

  • І бағыт: «Ғылыми –техникалық прогресс –экономикалық өсудің негізгі кілті».
  • ІІ бағыт:«Экономикалық және әлеуметтік жағдаяттарды математикалық үлгілеу».
  • ІІІ бағыт: «Дені сау табиғи орта – «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асыру негізі».
  • ІV бағыт: «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары».

Атаулы конкурсқа Нұр-Сұлтан қаласы бойынша шешуші кезеңде қалалық кезеңде үздік деп танылған  43 оқушы жалпы саны 35 жоба қорғайды.  І-ІІІ бағыт бойынша 24 жобамен 31 бала, ал ІV бағыт бойынша 11 жобамен 12 бала қатысады.

Елордалық оқушыларымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз!