2021 жылғы 9 ақпан күні 8-11 сынып оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңі басталады.
Республикалық ғылыми жобалар конкурсы 4 бағытта өткізіледі:
- І бағыт: «Ғылыми –техникалық прогресс –экономикалық өсудің негізгі кілті».
- ІІ бағыт:«Экономикалық және әлеуметтік жағдаяттарды математикалық үлгілеу».
- ІІІ бағыт: «Дені сау табиғи орта – «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асыру негізі».
- ІV бағыт: «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары».
Атаулы конкурсқа Нұр-Сұлтан қаласы бойынша шешуші кезеңде қалалық кезеңде үздік деп танылған 43 оқушы жалпы саны 35 жоба қорғайды. І-ІІІ бағыт бойынша 24 жобамен 31 бала, ал ІV бағыт бойынша 11 жобамен 12 бала қатысады.
Елордалық оқушыларымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз!